Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Наурыз тақырыбына байланысты шығармалар бар ма?

Талқылау
Пікір
Іңкәр
12 Ақпан, 16

Наурыз - ұлыстың ұлы күні

22 наурыз - қазақ халқының мейрамы.  Ол мейрамда бар адам күліп-ойнап, бір-біірне жақсылық, бақыт тілейді. 

Баяғы замандарда жаңа жылды дәл осы күні тойлаған. Бұл күннің шығыс халықтарында жаңа жыл есептелуі күн мен түннің теңелуіне байланысты. Көктем келіп, күн жылынып, жасыл шөп көктеп, ағаштар бүр жарып, құстар оралып, мал төлдей бастаған күн ел үшін шаттық пен қуанышқа толы болған. 

Бұл күні жасалатын басты тағам - наурыз көже. Оның құрамына су, ет, айран, тары, бидай, қатық, тұз сияқты жеті түрлі азықтық заттар қосылады. Дәл наурызда жасалатын бұл ұлттық тағамның дәмі тіл үйіріп қана қоймай, денсаулығымызға да үлкен пайдасын келтіреді. Дастарханға наурыз көжеден басқа, ет, қымыз, сүт, бауырсақ, шелпек, құрт, жент және тағы да басқа ұлттық ас түрлері қойылады. 

Қыстан аман шыққан халық шаттанып, бір-бірімен көрісіп, жақсылықтар тілеп, өкпелескендері бір-бірінен кешірім сұрап, арқа қағысатын болған. Жастар алтыбақан құрып, түн ортасына дейін сауық-сайран құрған. Дүбірлі мерекеде "Аламан", "Қыз қуу", "Күрес", "Көкпар", "Ақсүйек", тағы да басқа ұлттық ойын түрлері ойналып, әншілер ән айтып, ақындар айтысып, бишілер би билеп көңіл көтерген. 

Сонымен қатар, наурыз мейрамында ағаш отырғызып, бұлақтың көзін ашып, табиғатқа қамқорлық танытатын болған. Үлкен адамдар жастарға, кішкентай балаларға бата беріп, өмірлерінің көктемдей көктеуін тілеген. 

22 наурыз - халқымыздың ешқашан құндылығын жоғалтпайтын ұлттық мейрамы.

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?