Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Телефонмен қоса 100 мың теңге өндіріп алды: БҚО-да несиеге алған смартфоны істемей қалған ер адам сатушыны сотқа берді
Балкон жақтауынан ұстап, өмірі үшін күрескен: Ақтөбеде 19 жасар қызды танысы зорлап, жетінші қабаттан құлатып жіберген
Еліміздегі жаңа ипотекалық бағдарламаның шарттары өзгерді
Гуманитарлық көмекті мұғалімдер ұрлап жатыр деген: Петропавлда су тасқыны кезінде жалған ақпарат таратқан әйел жауапқа тартылды
Өзбекстан су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға гуманитарлық көмек жіберді
Қазақстанда су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді – Үкімет тізім жариялады
Мәскеуде салмағы 300 келі ер адам көз жұмып, бір топ құтқарушылар терезеден шығаруға мәжбүр болды
Астанада коммуналдық қызметкерлер елорда тұрғындарына үндеу жасады
Иран мен Израильдің толассыз шабуылдары, Грузиядағы наразылық, Дубайдағы су тасқыны: Әлем жаңалықтарына апталық шолу
Қырғызстанның қауіпсіздік комитеті қылмыстық топ құрамындағы қазақстандық азаматты ұстады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
Бақыт деген не?
0
Aida
2 апта бұрын пайда болды
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Қайырлы күн!
Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?
Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады?
Рахмет
2
1
2
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Бақыт деген - арман-мақсаттарыңның орындалуы. Ол - өзің сүйгенде және сені сүйгенде сезінетін сезім. Бақытты болуға әркім құқылы. Мен өзімді бақыттымын деп санаймын. Себебі өмірде діттеген мақсатыма жеттім, жанымда сүйікті әйелім бар, балаларым бар. 30 жыл отасқан әйел қартаймайды, керісінше жыл сайын ақылына ақыл қосып, дана әйелге айналды. Түйгенің мен білгеніңді үйретіп, тәлім-тәрбие берген балаларым өмірден өз орынын тауып, әркім өз жолымен жүр. Бақыт - жан-жақты, әр түрлі, шексіз түсінік. Ия, біз бүгін қалағанымызға қол жеткізе алмауымыз мүмкін. Бірақ ертең не одан кейін оған міндетті түрде жететініміз анық. Мұның барлығы да өмір даналығы, барлығы да тамаша.
Бақыт ұғымын әр адам әрқалай түсінері анық. Оның себебі әркімдегі құндылықта, дүниетанымда, көзқараста жатыр. Меніңше, бақыт деген - өз болмысыңа сай болу. Жеті қат дүниедегі жаратылыстың баорлығының өз мақсаты, өз қызметі, түптеп келгенде өзіне ғана тән болмысы бар. Сол болмысынан ажырамау, оны баянды ету кімді де болса бақытқа жетелейді. Дін ислам бойынша адам баласы құлшылық қылмаққа жаратылған делінеді. Шындығында, адамзаттың баршасы тумысынан әлденеге мұқтаж болып, қолдау мен демеуді қажетсініп тұрады. Қолдаған құдіретке тәу етіп, құлшылық жасауы шүкірлігі іспетті. Бірақ, құлышылқтан кеудесін шер басып, еңсесі түскен емес. Керісінше, Ұлы күшке шүкіршілігін арттырып, лайықты түрде құшлығын жасаған сайын жаны тыныш тауып, рахатқа, рухани мастыққа бөленеді. Мұның өзі - адамның болмысы, өз болмысынан рахат табуы. Сол сияқты әйелдің әйел, еркектің еркек болып қана бақыт табуы, әйелдің ана болып, еркектің отағасы, ел тірегі болып өмірінің мән-мақсатын табуы да адами болмысқа байланысты. Мамандық та, өмірдегі арман-мақсат, қызмет те әркімнің өз болмыстық ерекшелігіне сай әртүрлі. Бірақ "кетігін тауып, қаланған" адамның ғана көңілі жай тауып, өз ісін сүйсіпеншілікпен атқарады. Мұнда да "болмыс" жатыр.
Ойымды қорыта келе, әр адам өз болмысына сай болса, соны мәнді, баянды ете білсе ғана шын бақытқа қауышады демекпін.