Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қалай дұрыс тамақтану керек?

Талқылау
Пікір
Айсұлтан
25 Сәуір, 16

Дұрыс тамақтануға арналған кеңестер:

  • Үйлесімге талпыныңыз. Тамақтану үйлестірілген болуы тиіс. Өзіңізді жақсы сезіну үшін, ағазыңызды ақуыздар, майлар, көмірсулар, дәрумендер, макро және микроэлементтер сынды нәрлі заттардың барлығымен қамтамасыз етуіңіз керек.
  • Тағам мөлшеріне мән беріңіз.  
  • Күнделікті бір уақытта тамақтаныңыз. Ағзамыздың дұрыс жұмыс істеуіне көмектесіп, тұрақты дене температурасы мен бұлшық ет тонусын қолдау үшін күш-қуат керек. Ол килокалориймен өлшенеді. Дұрыс өмір сүру үшін адам тәулігіне 2 500 килокалорий тұтынуы тиіс. Сондықтан таңғы, түскі, кешкі астарыңыздың уақытын қадағалап, күнделікті бір уақытта ғана тамақ ішуге дағдыланған жөн.
  • Белсенді болыңыз. Белсенді жаттығулар, іс-әрекеттерден кейін бір стақан жеміс шырыны не газдалған сусынның көмегімен әл жинауыңызға болады. Екі сусынның да құрамында глюкоза көзі, көмірсу бар. Оның арқасында аталған сусындар ағзамызға тезірек күш жинауға көмектеседі. 
  • Суды көп ішіңіз. Ағзамыздың 55-65 пайызы судан тұрады. Ағзамызды сумен қамамасыз ету - өте маңызды. Ағзаның 2 пайызға сусыздануы адамның жұмыс істеу қабілетін төмендетеді. Ыстық күндері және белсенді жұмыс жасаған күндері ішетін су мөлшерін көбейткеніңіз ләзім.
  • Дұрыс тағамдарды жеңіз. Түскі ас уақыты жақындамады, алайда қарыныңыз ашты ма? Сізге міндетті түрде аз да болсын тамақтанып алу керек.Бірақ тәтті тоқаш не бутербродтар туралы сөз қозғамаыңыз. Қарыныңыз аша бастаған кезде алма, банан, йогурт, ірімшік, піскен жұмыртқа сынды тағамдармен өзек жалғағаныңыз дұрыс. Бұл тамақтар пайдалы әрі нәрлі. Оған қоса, ашығу сезімін басатын әсері де тамаша.
  • Лезде өзгеруді күтпеңіз. Жеңілдік пен үйлесімділік бірден емес, бірте-бірте орын алады. Бірақ бұл қуанышты өзгерісті байқамай қалуыңыз мүмкін емес.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?