Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Соғыс тақырыбына арналған қандай әндер бар?

Талқылау
Пікір
Жансая
25 Сәуір, 16

Бейбітшілік сақталады

әні: Әбілахат Еспаевтікі
сөзі: Нұтфолла Шәкеновтікі

Әлем сүйген салтымыз бар,
Бейбітшілік – ел ұраны.
Өмір сүйген халқымыз бар,
Бейбіт елдің біз ұланы.

Қайырмасы:

Халықтар өмірді қорғайды,
Әділет ұранын қолдайды.
Шырқаңдар, кел достар, әр елде,
Бейбіт күн жасасын әлемде!

Қайырмасы:

Қорғау үшін өмір көркін – 
Бүгіннен де ертең нұрлы.
Болдырмаймыз соғыс өртін,
Достар берік сапқа тұрды.

Қайырмасы:

Ел ұраны мәңгі анық,
Әр жүректе жатталады.
Қолға алса барлық халық,
Бейбітшілік сақталады.

Қайырмасы.

Нұрым
25 Сәуір, 16

Соғыс тақырыбына арналған қазақша әндер: 

  • "Бейбіт күн тілегі" 
  • "Кестелі орамал"
  • "Әлия"
  • "Жас қазақ"
  • "Дариға, сол қыз"
  • "Соғыстан қайтақ солдаттар" 
  • "Жас қазақ"
  • "Ана туралы баллада"
  • "Солдаттар, қалғып кетпеңдер"
  • "Бейбітшілік сақталады"
  • "Тыныштық әлемге"
  • "Майдан жыры"
  • "Соғыстың соңғы әні"
  • "Бейбітшілік туы берік қолда"
Динара
25 Сәуір, 16

Бейбіт күн тілегі

Сөзі: Жұмекен Нәжімеденов 
Әні: Шәмші Қалдаяқов

Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген,
Оқ даусы мәңгілік жойылсын.
Бомбаның орнын тегістеген,
Күректер музейге қойылсын

Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Көктесін жас ағаш одан әрі,
Өткен күн қайтадан жанбайды.
Сұлудың кестелі орамалы,
Сүртсін, тек тершіген маңдайды

Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік!

Қайғыны білмесін ана жаны,
Қазіргі адамда арман сол.
Әлемнің бар сәби балалары,
Оянсын ұйқысы қанған соң.

Қайырмасы:
Кел, достарым, ән бастадым.
Көтеріп жаңғырық!
Данасын дала, баласын ана,
Жоқтамасын мәңгілік! 

Мерекелер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Азамат
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

1
Айнагүл
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мерекесі қалай тойланады?

0
Adlet
3 жылы бұрын пайда болды

Қарттар күнімен құттықтау?

1
Гүлжанат
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз көженің құрамына кіретін жеті өнім қандай?

1
Парасат
7 жыл бұрын пайда болды

Неліктен 1 сәуір күлкі күні аталды?