Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мұқан Иманжанов деген кім?

Талқылау
Пікір
Жақсылық
26 Сәуір, 16

Мұқан Иманжанов 1916 жылы Қарағанды облысы Жезді ауданында дүниеге келген.

1938 жылы республикалық радиокомитеттің әдеби-драмалық хабарлар тарату бөлімінде редактор болып, журналистік мансабын бастайды. 1944 жылы "Социалистік Қазақстан" республикалық газетінде, онан соң "Пионер" журналында қызмет атқарады. 

1948 жылы Мұқан Иманжановтың "Жастық" атты әңгімелер жинағы жарық көреді. Ал 1952 жылы "Таныс қыз" әңгімелер жинағы басылған. 

Қазақ жастары арасында жазушының "Алғашқы айлар" повесі танымалдыққа ие болды. Онда автор ескі мен жаңаның күресінінің, жас педагогтардың алғашқы қадамдарының шынайы келбетін көрсеткен. 1955 жылы аталған повесть Мәскеуде жарық көрді. 

 Өмірінің аяқ тұсына тақау Мұқан Иманжанов "Жұлдыз" журналында "Сөнген шала" пьесасын жариялаған. Пьеса сатиралық комедия жанрында жазылған. 

Мұқан Иманжанов 1958 жылы Алматы қаласында дүние салған.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?