Жалаңаяқ...">
0 интересует 0 не интересует
спросил 10 Фев, 16 от Арман в категории Қазақ әдебиеті
категория изменена 02 Март, 16 от Мейрамгуль

4 Ответы

1 ЗА 0 не интересует

Жалаңаяқ су кешкеннен қорықпас.

***

Жалда отырмын деме,

Жалдан да биік шың бар.

***

Жалқау қой өз жүнін ауырлайды.

***

Жаман ат алдынан сүрінеді.

***

Жүрмесе жер жат, 

Араламаса ел жат.

***

Кәрі боз кәрейгенде бір тайпа.

***

Кедей - ұйымшыл,

Жылқы - үйіршіл.

***

Кей адам дұшпанмен дос болады,

Досымен қас болады.

***

Көкірек ауыру

Күліп отырып кетеді.

***

Кіреге түскен түйе - тайлақ,

Пара жеген төре - тайғақ.

***

Кісі елінде босағаң

Алтын болса да,

Өз еліңе жетпейді.

***

Қабырғадан қар жауса

Атан мен нарға күш.

Ел шетіне жау тисе,

Батыр мен биге күш.

***

Қайғының түбі - шер,

Қылмыстың түбі - көр.

***

Қой шелді болмай,

Төлді болмайды.

***

Құданың жаманы су кештіреді.

***

Қыздың ерлігі

Қырқында білінеді.

***

Лақпын деп ойлайды

Тоқал ешкі.

ответил 11 Фев, 16 от Данияр
0 интересует 0 не интересует

Қазақша мақал-мәтелдер

Ағаш түзі болса,

Көлеңкесі қисық болмайды.

***

Адамзат бөз бермейді,

Сөз береді.

***

Азапқа ез жылайды,

Ер шыдайды.

***

Ақ үйге бермес қос бар,

Туысқа бермес дос бар.

***

Ақылды болсаң, азбайсың.

***

Алдамшыда ар болмас.

***

Аңдастың түйе қарағаны

Бір үйлік.

***

Арық атқа қамшы ауыр.

***

Ата-анаға ұлы - тұрақ,

Қызы - шырақ.

***

Ашуына қараған

Ақылынан айрылар.

***

Әуелгі сөз - рақым.

***

Бала жоқ - ханым тұл,

Баяны жоқ - ғалым тұл.

***

Беркеде берік бол,

Ынтымақта дерлік бол.

***

Білімді салмақты келеді,

Елге ардақты келеді.

***

Дерті бір болса,

Демде ұғысады.

***

Ел сенімі - ерге жүк.

ответил 11 Фев, 16 от Нәркес
0 интересует 0 не интересует

Ер жігіт бір терінің астында 

Мың арып, мың семіреді.

***

Есесі қайтпас еңбек жоқ.

***

Жабу астында жан қалар.

***

Жабдықты ұстаның 

Жаны қиналмас.

***

Жабынды малдың жаны екеу.

***

Жайлы қонақ жай аттанады.

***

Жақсы адам қартайса қазы болады, 

Жаман адам қартайса қазымыр болады.

***

Жақсы ат өршіл келеді,

Жаман адам төршіл келеді.

***

Жақындықты қыз келтіреді, 

Астың дәмін тұз келтіреді.

***

Жалақорға жағатсығаның 

Жауға бағынғанмен тең.

***

Жалғанның жетпіс жыл жатса да 

Жалыны шығады.

ответил 11 Фев, 16 от Ыдырыс
0 интересует 0 не интересует

Малды айдаса жау,

Соқса жел алады.

***

Мысықтың мәулені

Мияулап туады.

***

Нарқын таппаған

Сөз құлазиды.

***

Оспадарсыз ойын - 

Үздірер мойын.

***

Өлгенге қайғырма,

Өскенге есірме.

***

Пейілі тар табағына өкпе салады,

Қолы тардың ту қойы қысыр қалады.

***

Ретсіз сөз

Ренішке қалдырар.

***

Сабыр - күн түсірмейтін сая,

Асығыс - аунап кететін мая.

***

Сөз жерден ауыр, күннен жылы.

***

Таң атса,

Шам жайында қалады.

***

Түйедей сөзде 

Түймедей түйін болады.

***

Уылжыған жастықта

Үлбіреген ұят болсын.

***

Ұзын тіл - жыланға бара-бар,

Ауыздан шықса,

Мойынға оралар.

***

Үдіре көшкен 

Уығын сындырады,

Жұмыла істеген

Жұмысын тындырады.

***

Хан азарында

Қарашамен қас болар.

***

Шағыр көз итке жарасқанмен,

Атқа жараспайды.

***

Ықтиярсыз ашқан

Көздің нұры жоқ.

***

Іс емес істі

Кісі емес кісі істейді.

ответил 11 Фев, 16 от Шалқар