Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Адам мінезі жұлдызнамаға байланысты болуы мүмкін бе?

Талқылау
Пікір
Арман
27 Сәуір, 16

Әр адамның мінезінде жақсы және кемшіл тұстары да кездесіп жатады. Мінез ерекшеліктері жұлдызнамаға да байланысты болуы мүмкін. 

Тоқты. Әдетте тоқтылар мазасыз келеді. Көп жағдайда жыл өткен сайын беймазалығы үдей түсіп, достарынан алшақтауына сеп болады.

Торпақ. Көпшілік біле бермеуі мүмкін, бірақ торпақтар - озбыр мінез танытуға бейім. Сырт көзге, бұл жұлдыз белгісінде туғандар сабырлы, ұстамды болып көрінгенімен, жақын таныстық нәтжесінде озбырлығы байқалып қалып жатады.

Егіздер. Егіздерді өтірікшілігі мен пасықтығы үшін айыптауға болады. Өзімшілдігі үшін көбіне адамдары ренжітіп, алдауға дейін барады. Соның салдарынан айналсындағылардың сенімінен айырылып жататыны да бар.

Шаян. Шаяндарға кекшілдік тән. Әдетте бұл адамдардың ешкімге зиян жоқ, өз шаруасымен бейқам жүреді. Алайда намысына тиіп, өкпелетсеңіз болғаны, кек алмай тоқтамайды. 

Арыстан. Көбінше арыстандар адамдарға дөрекі мінез көрсетіп, ілтипат таныта бермейтіндіктен, айналасындағылармен қарым-өатынасы жақсы бола бермейді. Оларға адамдардың сезімін ескеріп, түсіністікпен қарау үшін әдептілік жетіспейді.

Бикеш. Бикештерді ақымақтығы мен алаңғасарлығы себепті кіналай аламыз. Ойы мен іс-әркетінде тік келіп, өзгелермен санаса бермейтіндіктен, бұл жұлдыз белгісіндегі адамдарды ақылды, дана деп атай бермейді.

Таразы. Таразы - шектен тыс пайдақор жұлдыз. Өкінішке орай, олар бала күнінен әрнеден пайда іздеуге үйренген. Бұл нашар мінездің уақыт өте келе үдей беретіні сонша, адами құндылықтың бәрін теріске шығаруы да ғажап емес.

Мерген. Мергендердің басты қиындығы - жасқаншақтығында. Тіпті, бұл қиындыққа бас қатырамын деп өзін жегідей жеп қоймай, өзгелерді де  мезі етеді. Жолыңызда әр нәрсеге көңілі толмайтын, шатақ адамдарды кездестіріп пе едіңіз? Олардың мерген болуы әбден мүмкін.

Сарышаян. Сарышаян белгісінде туған адмадар - драманың нағыз шебері. Оларға түймедейді түйедей етіп көрсетіп, әр нәрседен шатақ шығарып жүру тән. 

Тауешкі. Тауешкілерге әдептілік пен қоғамда өзін-өзі ұстау ережелерін үйренген дұрыс. Бұл  белгіде туғандар арасында заң бұзушылар мен сотқарлар жиі ұшырасады.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар - кәдімгі мансапқұмарлар. Өз мақсатына жету үшін неден де болсын тайынбайды. Олар аяусыз, қатал әрі әрекеттері де ақылға қонымсыз.

Балықтар. Балықтарға жағымсыз мінездерін бақылауда ұстауды үйренген жөн. Себебі ашу - олардың басты жауы. Өзін-өзі бақылау арқылы мінезінің кемшіл тұстарын жасыра алады. 

Жұлдызнама және жорамал категориясындағы басқа сұрақтар
2
Құралай
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің жалпы сипаттамасы бар ма?

1
Қалкен
7 жыл бұрын пайда болды

2017 жыл қандай жануар жылы?

1
Нұрдос
7 жыл бұрын пайда болды

Балықтар жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Назира
7 жыл бұрын пайда болды

Суқұйғыш жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?

1
Ұлмекен
7 жыл бұрын пайда болды

Тауешкі жұлдыз белгісінің мінездемесі бар ма?