Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ана туралы қандай мақал-мәтелдер бар?

Талқылау
Пікір
Шапағат
10 Ақпан, 16

Ана туралы мақал-мәтелдер

Ана қадірі - тірлік қадірі.

***

Ана алақанының аясы -

Ақ шынардың саясы.

***

Ана баласын

Арыстанның аузынан алар.

***

Ана даңқымен қыз өтер,

Мата даңқымен бөз өтер.

***

Ана - жанашыр жақын,

Ананы аялау - сенің қақың.

***

Ана жүрегі - теңізден терең.

***

Анада болады ауыр ой,

Баласына тілер абырой.

***

Анадан теріс туған 

Тезге салсаң түзелмес.

***

Аналы баланың өзі тоқ,

Анасыз баланың көзі тоқ.

***

Анаң бір қолымен ұрар,

Бір қолымен сылар.

***

Анаң өгей болса,

Тойың бұзылар.

Туғаның түгел болса,

Елің қызығар.

***

Анаңа рақым етпесең,

Балаңнан рақым күтпе.

***

Анасы жаман

Алғанын жамандайды.

***

Анасыз үй - панасыз,

Атасыз үй - батасыз.

Мақал-мәтелдер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Келін туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Өтірік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Ақиқат туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Көрік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Жанұя туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?