Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Досқа ащы болсада шындықты айтқан дұрыспа

Талқылау
Пікір
Абзал
03 Шілде, 18
Иә, менің ойымша, досқа тек шындықты айтқан дұрыс. Себебі қандай да болсын ауыр әрі ащы шындықты өзгеден емес, досыңнан білген әлдеқайда жеңіл түспек. Оның үстіне артынан бұл мәселе туралы кеңесіп, ақылдаса да аласыздар. Сонымен қатар шындықтың қайдан мәселеге қатысты екені де маңызды. Егер досыңызға сатқындық жасаған болсаңыз, әлденесін бүлдірген немесе сүйген қызын ұнатып қалған болсаңыз, не де болсын мойындап, өз аузыңызбен айтқаныңыз жөн. Себебі бұл ақпарат оған өзге адам арқылы жетсе, араларыңызда түсінбестік, реніш, сенімсіздік туындауы мүмкін. Ал егер сіз айтқыңыз келген шындықтың өзіңізге қатыса болмаса, тек досыңыздың жеке басына, өміріне қатысты болса әрі жүрегін қатты жаралайтын болса, үнсіз қалғаныңыз да дұрыс болады деп ойлаймын. Кезі келгенде өзі білер. Бірақ ымдап болсын, ақырын шындықтың шетін шығарып көріңіз.
Құралай
03 Шілде, 18
"Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам" деген аталы сөз бар қазақта. Қандай мәселе болмасын, досыңызға шындықты айтқаныңыз жөн. Себебі оның көңілін қалдырмас үшін немесе жанын жараламау үшін де өтірік айтсаңыз, ертең өтірігіңіз ашылып қалуы мүмкін. Сол кезде өзіңізге деген сенімін кетіресіз. Нағыз достардың арасындағы қарым-қатынас шынайылыққа, сенімге, адалдыққа құрылуы тиіс. Сондықтан ащы да болса шындықты өзгеден емес, досынан білгені абзал дер едім.
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы