БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

«Қартқожа» романының қысқаша мазмұнын жіберулеріңізді өтінемін

Талқылау
Пікір
Дина
02 Наурыз, 18
Қартқожа романы қазақ кедейлерінің шынайы өмірін суреттейтін көркем шығарма. Романда сол замандағы кедей тап өкілдерінің басынан кешкен қиыншылығы суреттеледі. Шығарманың басты кейіпкері Қартқожа есімді кедейлерден шыққан момын жігіт. Ол бай балаларының әлімжіттігінен құтылудың жолын іздеп, дін жолына түседі. Молдалардың үйреткен ілімдерін көңіліне тоқып, жарқын болашақты армандап құдайға жалбарынады. Бірақ қанша сауатын ашып, білім алғанымен Қартқожаның басындағы қиындықтар азаймады. Оның әкесі де бай-шонжарлардың әлімжіттігіне шыдап келген. Басынан ауыртпашылық кетпеген Қартқожа бір күні тірмаштардың өміріне қызыға бастайды. Ол солар секілді еркін болуды алмандап, тілмаш болғысы келді. Кедейліктен құтылудың жалғыз жолы осы деп орысша үйренуге талпынады. Бірақ білім алып қайтсем де кеделіктен құтыламын деген Қартқожаны ауыл болыстары өз балаларының орнына әскерге жібермекші болады. Ол да сол уақытта бай-содырлардың көрсеткен қиянатына шыдамаған кедейлерге қосылып, көтеріліске шығады. Олар байлар неліктен өз баласының орнына кедейлерді тіркеп қойды деп ашуланды. Алайда әділеттік үшін күрескен төменгі тап өкілдерін орыс әскерлері басып жаншып тастады. Содан кейін шарасыз қалған Қартқожа әскерге кетуге мәжбүр болады. Дегенмен, әскер өмірі оның қоғамға деген көзқарасын өзгертіп, жаңа серпін береді. Мұнда білімсіз адамның күні қараң екенін түсініп, болашақта оқимын деп шешім қабылдайды. Көзі ашылған кедей баласы оқу оқып, жақсы адамдармен танысады. Ол 1916 жылғы көтеріліске де қатысады. Қартқожа өмірінде екі рет шаңырақ көтереді. Алғаш рет қазақтың әмеңгерлік салты бойынша жесір қалған жеңгесіне үйленеді. Одан соң әкесі зорлап малға сатқанына көнбей, қалаға қашып келген Гүлсіммен тұрмыс құрады. Роман соңында қиындыққа мойымай алға ұмтылған кедей жігіт аңсаған арманына жетеді. Ол Омбыдан елге оралып, ел алдында еркін сөйлеп халықты надандықпен күресуге шақырады.
Разида
28 Ақпан, 18

Оның үстіне жұт кезінде малы қырылған әкесі, үйіне байдікінен ұн әкелемін деп қаза тапты. Осы оқиғалардан кейін биліктегілер Қартқожаны әскер қатарына жазып қойған. Жасы жетпесе де болыстар Қартқожаны өздерінің балаларының орнына жаза салған. Мұндай зорлыққа шыдамаған Қартқожа кедейлер бірге көтеріліске шығады. Дәрмен, Имақан және тағы сол сияқты адамдармен арасып жүріп, олардың да теңдікті армандап жүргенін түсінеді. Алайда, мылтықпен қаруланған орыс әскеріне кедейлерден құрылған көтерісшілер төтеп бере алмады. Сөйтіп Қартқожа амалсыздан соғысқа кетеді. Бірақ, солдат өмірі Қартқожаның көзін ашады. Ол әскерде Андрей деген орыс жігітімен танысады. Одан орысша үйреніп, дамыған заман туралы әңгімелер естіп білім алуға құлшынады.

Разида
28 Ақпан, 18

Шығармада Қартқожа есімді жігіттің басынан кешке қиыншылықтары суреттеледі.Ол өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін көріп өсті. Оның әкесі Жұман да байлардың қорлығына шыдап, әділетсіздіктің құрбаны болды. Қартқожа осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолын іздеп бала кезінен діни білім алды. Молдалар жасаған бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынып дін жолына бет бұрды. Бірақ қанша жерден діни білім алса да кедейліктен құтыла алмады. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген Қартқожа орысша терең білімі бар аудармашылардың ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін мектепке алмайтынын түсінді. Себебі оның жасы мектеп жасынан өтіп кеткен. Әлімжіттік көрген Қартқожа қиындық шешімі орысша оқып, хат тану деп ойлады. Ол Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріптерді үйренуге құлшынды.

 

Айнур
27 Ақпан, 18

Алашордашылардың тарауы, большевиктердің келуі, қашқан ақ әскерлерінің қылығы оның әділет, бостандық туралы ойларын толықтырады. Осылардың нәтижесінде ол халық, ел тағдыры, оның досы кім, жауы кім екендігі жайлы ойлануға жетеді.

 Роман соңында Омбыдан елге оралған Қартқожа ел алдында жігерлі сөз сөйлеп, елді еңбекке, аңсаған, армандаған Қартқожаның халықты надандыққа қарсы, қара бастың қамын ойлауға қарсы шақыруы - оның жаңа заман рухын қабылдағанының белгісі. Жүсіпбек Қартқожаның өмір талқысынан өтіп, әділдік жағын тауып, жаңа дүниеге шығуын суреттеу арқылы жас қазақ совет әдебиетіне жаңа қаһарман қосты. Оның істейтін ісі әлі алда еді. Шығарма қаһарманы жайындағы жазушы толғанысында бүкіл романның пафосы жатыр. Автор кедейлер ортасынан шыққан жас Қартқожаны "елі үшін күйген, еңбекті сүйген, ер жүректі, жұртшылық көсемі - жалынды жастардың" қатарынан көргісі келеді.

Айнур
27 Ақпан, 18

Шығармадағы басты кейіпкер Қартқожа есімді, өте жуас, момын, әлсіз кедей бала. Роман осы баланың бастан кешкен оқиғалары бойынша өрбиді. Қартқожа кішкене кезінен бай балаларының әлімжеттігін, өз әкесі Жұманға байлардың жасап отырған әділетсіздіктерін көріп өседі. Осы қорлық пен зорлықтан құтылудың жолы деп ол бала кезінен діни білім алып, молдалар жасайтын бар қылықты жасап, намаз оқып, құдайға жалбарынады. Бірақ қанша жерден діни білім алса да оның ешқайсысы не өзін, не әкесін кедейліктен құтқаруға жетпейді. Осылай үлкен езгіге шыдай жүрген кезінде, Қартқожа орысша терең білімі бар тілмаштардың, перуіатшіктердің ешкімнен қаймықпайтынын, өздерін биік ұстайтынын, оларды ешкім де қорламайтын байқайды. Тілмаштардың құдіреттілігі өте жоғары деп түсінген Қартқожа олар сияқты болғысы келгені соншалық, Әбдібек деген тілмашты түсінде де көреді. Әбдібектер алған орысша білімді алғысы келгенімен, өзін школға алмайтынын, жасының өтіп кеткенін көріп күрсінеді. Бар қиындық шешімі орысша оқып, хат тану екенін түсінген Қартқожа Жүніс деген өзі секілді шәкірттен кітап алып орысша әріп таниды. Оның үстіне кедейлігі қатты қысып, жұт әсерінен малы қырылған әкесі, үйіне байдікінен ұн әкелемін деп қаза тапты.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы