Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балдыркөктің қандай пайдасы бар?

Талқылау
Пікір
Дәметкен
28 Сәуір, 16

Балдыркөктің пайдасы: 

  • Балдыркөк теріс калориялы өсімдіктер қатарына жатады. Ол қалай болуы мүмкін? 100 грамм балдыркөкте 19 ккалорий болса, оны қорыту үшін ағзамыз 25 ккалорий жұмсайды. Сонда балдыркөк жеп калория қоспайсыз. Осы себепті мінсіз сымбатқа қол жеткізуді армандайтындар балдыркөк емдәмін ұстап жатады.
  • Табиғи антибиотик. Балдыркөктің құрамында полисахаридтер бар. Ол - қабынуға қарсы әсерге ие. Осы себепті ас ішуде балдыркөкті жиі пайдаланатын адамдар салқын тию мен жұқпалы аурулармен сирек ауырады.
  • Қартаюды баяулатады. Балдыркөк арықтауыңызға ғана себін тигізіп қоймай, жастығыңызды ұзағынан сақтауға да көмектеседі. Оның құрамында ағзаңыздағы барлық жасушаларды зақымдалудан сақтайтын белсенді антиоксиданттар бар. Антиоксиданттар қартаюды баяулатады. 
  • Құрамында кездесетін пектиндер себепті балдыркөк жұқпалы аурулар, шылым шегі, радиация, ішімдік пен есірткі салдарынан ағзаға түскен зиянды заттардан, токсиндерден арылуға көмектеседі. 
  • Қытайлық емшілер балдыркөкпен  артериялық қан қысымы жоғары науқастарды емедеген.
  • Бағзы замандардан бері халық емшілері әлсіздік сезінген адамдарға бір ас қасық балдыркөк шырынын шай қасық балмен араластырып ішуге кеңес берген. Ол адамның күшін арттырып, иммунитетін көтереді. 
  • Ақуызды тағам. Балдыркөк - ет жемейтін адамдар үшін таптырмас тағам. Оның құрамында жеңіл сіңімді өсімдік ақуыздары мен көп қанықпаған май қышқылдары бар. Олар ағзаның дұрыс қызмет етуі үшін қажет.

Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?