0 интересует 0 не интересует
спросил 03 Май, 16 от Айман в категории Сән және сұлулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Іш кетіру үшін емдәм ұстаудың қажеті шамалы. Жылдар бойы беліңізге жиналған май емдәм нәтижесінде кеткенімен, біраз уақыттан кейін қайта пайда болып, бұрынғыдан да қатты толуыңызға алып келеді. Іштегі майды кетіру үшін тағам мөлшерінен калориялы тағамдарды азайтып, жаттығулармен айналысу қажет. 

Ішті кетіру үшін түрлі тәттілер мен майлы тағамдардан бас тартқан дұрыс. Шұжық, сосискалар, майға қуырылған тауық аяғы сынды тағамдарды тауық не күркетауық еті сынды майсыз ет, ірімшік, сүт өнімдері, балық, бұршақтармен алмастырыңыз.

Бір күн ішінде ағзаға түскен калорияның 40 пайызы ақыуызды тағамдар есебінен болса, артық майдан арылу процесі нәтижелі әрі қарқынды жүреді.Ботқа сынды көмірсуларды тек таңғы асқа жеңіз. Шырындар мен газды сусындардан, кофеден аулақ болып, күніне 2 литр таза су ішкен жөн.

Ал жаттығуларға келер болсақ, іш кетіру үшін жүгіру, аэробика, велотренажер, бодибалет, би сынды карди жаттығулармен айналысу керек. 

ответил 03 Май, 16 от Жеңіс