Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Босануда вертикалды қалыпта болудың ерекшелігі неде?

Талқылау
Пікір
Күнімжан
03 Мамыр, 16

Менің ойымша, вертикалды қалыпта босану - ана мен бала үшін өте тиімді. Бұл әдіс бойынша, босану барысында әйел адам өзіне ыңғайлы қалыпты өзі таңдауы қажет. Осының арқасында толғақ қысуындағы ауырсыну сезімі бәсеңдеп, толғақ нәтижелі болады. Оған қоса, толғақ қысу уақыты да айтарлықтай азаяды (алғаш босанған әйелдерде 2-3 сағатқа).

Толғақ уақытында әйел адамға арнайы креслоға отыру ұсынылады. Ол дәрігерге қарама-қарыс отырып, аяғын екі жаққа жазуы немесе дәрігерге арқасын беріп, тізерлеп тұруы тиіс. Нәтижесінде баланың туылуы жеңілдеп, босану барысында зақым орын алмайды.

Сонымен қатар, вертикалды қалыпта босану барысында қиындықтар да жиі бола бермейді. Аяғы ауыр әйел дәстүрлі әдіспен босанған уақытта арқасымен жатуы себепті жатыр төменгі қуыс көктамырына салмақ түсіріп, соның салдарынан нәрестенің қанмен қамтамасыз етілуі бұзылып, оттегі жетіспеуі мүмкін. Босанудың дәстүрлі әдісімен салыстырғанда, вертикалды қалыпта босанған әйелдерде зақым алу төмендеп, денсаулығында қиындықтар туындамаған. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?