0 интересует 0 не интересует
спросил 05 Май, 16 от Гаухар в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

ТАНДЫР САМСАСЫНЫҢ РЕЦЕПТІ (фото)

Қажетті заттар:

Қамыры үшін

Су - 0,5 стақан

Тұз - 0,5 шай қасық

Ұн - қажетінше

Құйрық май - 50 грамм

Салмасы үшін

Ет - 400 грамм

Пияз - 700-800 грамм

Құйрық май - 150 грамм

Тұз, қара бұрыш, қызыл бұрыш, зире - талғамыңызға сай

Дайындалуы:

  • Шұңғыл ыдысқа жарты стақан суд құйып, жарты шай қасық тұз саламыз. Елеуіштен өткізілген ұнды жайлап сеуіп, араластырамыз.

  • 50 грамм құйрық майды текшелеп турап, табаға салып, қуырамыз.

  • Шыжғырылған майды қамырға құямыз. 

  • Нанды жақсылап илейміз.Әбден иі қанған соң домалақ күйінде тоңазытқышқа 40-60 минутқа салып қоямыз.

  • Ет, май, пиязды ұсақтап тураймыз. Ыдысқа салып, тұз және дәмдеуіштер қосамыз. Жақсылап араластырамыз.

  • Бұл уақытта жібіген нанды бірдей 4 бөлікке бөлеміз. Әр бөлігін бірдей кішкене бөлшектерге бөлеміз. Қамыр бөлшектерін қалыңдығын 2-3 мм етіп жаямыз.

  • Жайылған қамырға салмасын салып, дорба тәрізді етіп түйеміз. 

  • Түйіншектің аузын ашылып кетпес үшін саусақтарымызбен нығыздап түйіп, әбден жабыстырамыз.

  • Түйілген тұсын бастырып, самсаға алақанымызбен дұрыс пішін береміз.

  • Пешті 250 градуста қыздырамыз. Пеште пісіруге арналған қалыпты майлап, самсаны саламыз. Самсаның бетіне май жағып, күнжіт себеміз. Пешке салар алдында самсаға ақырындап су шашамыз.

  • Самсаны қызып тұрған пешке салып, дайын болғанша пісіреміз.

Асыңыз дәмді болсын!

ответил 05 Май, 16 от Айғаным