Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тіл туралы мақал-мәтелдер бар ма?

Талқылау
Пікір
Admin
21 Тамыз, 20

Жыланның уы тісінде,
Адамның уы тілінде. 

---

Ең тәтті де — тіл,
Ең ащы да — тіл,
Ең жұмсақ та — тіл,
Ең қатты да — тіл.

---

Ер қазынасы - жүрген із.
Ел қазынасы - көне көз.
Тіл қазынасы - ескі сөз.

---

Тіл - ақылдың өлшемі

---

Тіл буынсыз, ой түпсіз

---

Жалақ кісі тілден жазар,
Таз кісі қолынан жазар.

---

Мал басынан байланады,
Адам тілінен байланады.

---

Ұзын шапан аяғыңа оралады,
Ұзын тіл мойныңа оралады.

---

Тілмен байланған қолмен шешілмейді

---

Тілі қышыған жерден тиді

---

Жыланның тілі айыр,
Жылан мінезді адамның сөзі айыр.

---

Бал тамған тілден у да тамады

---

Сүңгінің жарасы бітер,
Тіл жарасы бітпес.

---

Шешілмеген шиені,
Тырнақ шешпес,тіл шешер.

---

Жаман көлдің суы ащы
Жаман адамның тілі ащы.

---

Ми ойлағанды тіл тындырады

---

Тілде сүйек жоқ

---

Ашуың келсе — қолың тарт,
Айтпас жерде — тілің тарт.

Мадина
10 Ақпан, 16

Тіл - босағада жатқан арыстан

***

Тіл еркелетеді де, 

Желкелетеді де.

***

Тіл жетпейтін түкпір жоқ.

***

Тіл - жүректің жаршысы,

Көз - сезімнің айнасы.

***

Тіл - көңілдің кілті.

***

Тіл мен нәпсіні тыя білген

Қасиетін бойына жия біледі.

***

Тіл сүйексіз болғанымен,

Тістен өткір.

***

Тілдің оғы - 

Мірдің оғынан ұшқыр.

***

Тілдің ұшы жоқ,

Жүректі жарады.

Судың дүзі жоқ,

Жерді жарады.

Мақал-мәтелдер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Келін туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Өтірік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Ақиқат туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Көрік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Жанұя туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?