0 интересует 0 не интересует
Ақмаржан Таубаева өмірбаяны мен өлеңдері керек еді. Бар болса жазасыздар ма?
спросил 27 Дек, 17 от Аруна в категории Қазақ әдебиеті

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует
Ақмаржан Таубаева - ақын, журналист. 1958 ж.17 қараша Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы, Қандық аулында  дүниеге келген.

2001 жылы «Жайықтың ақ самалы» тұңғыш жыр жинағы жарық көрді. «Нұр апасы Жайықтың», «Асыл арқау», «Ұстаздар әлемі» жинақтары шыққан. Өлеңдері «Қазақстан әдебиеті - 2000» байқауы қорытындысы бойынша «Күміс күйме» жинағына кіргізілген.

1976-1979 жылы Орал педагогикалық училищесінде оқыған.

1979-81 жылдары Қандық негізгі орта мектебінде бастауыш класс мұғалімі.

1983 жылдан ҚР Журналистер Одағының мүшесі, «Жайық ұстазы» газетінің бас редакторы.

1981-1990 жылдары  Ақжайық аудандық, облыстық  "Орал өңірі" газеттерінің қызметкері.

1985 жылы Орал пединститутын бітірген.

1990-94 жылдары Алматы қаласындағы  Жоғары партия  мектебінің  тыңдаушысы. Қазақстан Жастар Одағында баспасөз хатшысы.

1994-1996 жж. Алматы қаласы Бостандық аудандық "Қазақ тілі" қоғамының жауапты хатшысы.

1994-1996, 1998-2001 жылдары Ж.Досмұхамедов атындағы педколледждің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы.

2002 жылдан  "Жайық ұстазы" газетінің  бас редакторы.

2008 жылы "Ұстаздар әлемі" сұхбаттар мен очерктер жинағы.

Өлеңдері
Беу, бал дәурен!

Сағынышымның бастауы болып тұрасың, ауыл, қашаннан.
Бала кездегі бақытты дәурен, сипайтын самал шашымнан.
Сол бір шақтардан
Айрылдым қашан?
Біле алмай қалдым, біле алмай,
Тілекшің болып жетермін бір күн сығалай бермей тасаңнан.
Атам мен әжем кезек арқалап,
Қонақтап бірге жүретін
Бал дәуренім-ай, балдырған үнді, шаттана қамсыз күлетін.
Қандықтың құмын сапыра кешіп, жүгіруші ек-ау жалықпай
Беу, бал дәуренім-ай, өттің де кетің... дәл кеше ғана гүл едім.

Аңқатым

Ақ қанатты көгершін болып,
Жырларым саған қалықтай ұшар.
Ауылым менің, көңілім толып,
Қуанған кезде аялай құшар.

Қымбат-ау елің,
Өз туған жерің,
Қып-қызыл дауыл тұрса да борап.
Өз туған жерім - Аңқатым менің,
Сен жаққа жүрмін сағына қарап.

Сағындым шоқым, «Ақтау» деп атар,
Алыстан көлбеп көрінген кербез.
Өзіңе шығып аспандап қайтар,
Жадыра шақты тым ыстық әр кез.

Сағындым жасыл далаңды шексіз,
Гүл терген сонау көгілдір көктем.
Көгершін жырым, сәлемімді жеткіз,
Мен ауылымды көрмедім көптен.

Алыстау кетіп бір сәтке ғана,
Сонда да сенен іздермін пана.
Арнадым, елім, ауылым - анам,
Өмірге келген жырымды жаңа.

Балауса сезім

Балауса сезім, айналып кеткен сағымға,
Жоғалтып ем ғой жеттім бе деген шағымда.
Көңілді құсым дүр етіп ұшып кетті де,
Көңілсіз құсым қонақтап қалды бағымда.

Кіршік тимеген көрікті балғын сезімдер,
Өте шықты ғой бантикті балғын кезімде.
Ақшаңқан шақтар, неліктен шапшаң жалт етіп,
Іздетіп қойдың көктемді мынау күзімде.

Балауса күндер, таңбасы қалып кеудемде,
Қол бұлғап кетті мәңгілік қайтып келмеуге...
Қоңырқай түстер - қоңыр наз,
қоңыр шумақтар,
Кеудеме толды,
Төгілердей боп ернеуден...
Жайқалған гүлден, шайқалған жасыл теректен
Іздедім, сені, осылай ету керек пе?
Бәрі де тұрды қоңырқай ғана мұңайып,
Жыр толды содан мазасыз мынау жүрекке.

Осылай менің түсіп бір еңсем кеткенде,
Жапырақ сонда тіл қатты маған өктемдеу.
Сыр айтып тұрды тәкаппар, сұлу тіршілік,
Жақсылық хабар жетер деп келер көктемде.

Балауса сезім, қалдырған табын суытпай,
Мәпелеп келем жыл бойы қылау жуытпай.
Қоңырқай түстер - қоңыр наз, қоңыр шумақтар,
Дір-дір етеді көктемін күткен шыбықтай.

Бәйтерек тектес шынарым

Аштыққа ұшырап, жастығын сезбей, соғысты жеңген кейуана,
Бар қиындықты көтергені аздай, тағы да қайғы жиған,ә?!
Көнерген сол бір шеткері үйде немере ғана сенері,
Мұңын шертеді, жүрегін жеген шемен сыр ішке сыйған ба?
Қамықпа, әже, жуып берейін ақ жаулығыңды кірлетпей,
Көңіліңдегі кірбіңдерің де ар суыменен бір кеткей!..
Мен ес білгелі көз алдымдасың, анамның әзіз анасы,
Бәйтерек тектес биігім менің, аласармас шыңым, бірбеткей.
Күте бер, әже, оралам саған, күрең шәйіңді демдей бер,
Сандықты ашып, зер камзолың мен ақ жаулығыңды сәндей бер.
Қаһарлы хандар тізесін бүккен анадан асыл адам жоқ,
Дүниенің қадір-қасиетін де жалғайтын, әже, сендейлер.

Жайығым, саған келем мен

Жайығым, саған келем мен,
Өзіңдей мөлдір өлеңмен.
Қуанышыммен және де
Мұңыммен жырға бөленген.
Жайығым, сенің жағаңнан
Арманым аппақ таралған.
Өлеңге ғашық қызыңның,
Сенімі сенен нәр алған.
Талыңа өскен жағалай ,
Өр толқыныңа қарамай.
Орнамас жанға жаз көңіл,
Сағыныш қалар тарамай.
Тұйыққа бір сәт тірелген,
Кезімде саған келем мен.
Жүрегім толса жігерге
Тағы да келем елеңдеп.
Қимаймын, Жайық, жағаңда
Қалдырған..
ответил 27 Дек, 17 от Дина