Махамбет Өтемісұлының Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі бар ма?
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Әбиба Абужақынова Түркиядағы турнирді жарық жеңіспен бастады
"Үш жүз ұғымы мені қызықтырды": Алматыда тұратын кореялық азамат қазақтарға қалай бауыр басып қалғанын айтып берді
"Мен оны сүйемін. - Ол сені өлтіріп қоюы мүмкін": Салтанат Нүкенова мен ағасының арасында болған хат алмасудың мәтіні жарияланды (видео)
Енді шетелден алдыратын онлайн тапсырыстарға баж салығы салынбақ
"100 миллион теңгеге қалай алданғандарын білмей қалады": OLX пен Kaspi.kz арқылы алаяқтардың арбауына түскендер өз тәжірибесін бөлісті
"Не үшін ақша төлеп отырмыз? Шұрық-тесік үшін бе?": Жүк тасымалдаушылар Жамбыл облысындағы ақылы жолдың сапасына наразы
Салтанат Нүкенованың ағасы қайғылы оқиға болған түн туралы айтып берді (видео)
Абужақынова мен Серікбаевтың Түркиядағы турнирдегі алғашқы қарсыластары анықталды
Қазақстанда әйел қызының мешіттегі қылығы үшін сотқа тартылған
Алматыда тау бөктеріндегі құрылыстарға бақылау күшейтіледі
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Махамбет Өтемісұлының Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Талқылау
Пікір
27 Желтоқсан, 17
Кешегі Исатайдың барында (Мен ақсұңқар құстың сойы едім)
Алақандай Нарында
Басушы едім құлаштай.
Жәбір беріп, жала етсең,
Былғанған басым ыласқа-ай.
Мен бір шарға ұстаған
қара балта едім -
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса - тағы жетілдім.
Көрмес-келмес деп едім
Өз еркіммен бетіңді-ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай-соқпай келтірген -
Арманың бар ма құдайға -
Махамбет-сынды жетімді-ай?!
Еділ мен Жайық жер еді-ау
Мекен еткен шаруаға.
Жағасы қорған жай еді-ау!
Жай қоныстан айырылып,
Мен бір қаңғырып жүрген қарашы.
Қайта-қайта шақыртып,
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!
Мен ақсұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тақсыр, кетермін.
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын.
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме-бірге келгенде,
Әлі де болса бір тәңірге жылармын,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Аласапыран болғанда,
Бөліне көшкен еліңді
Бөріккен қойдай қылармын,
Жарыла көшкен еліңді
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен тек кетпен -
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең -
Өзекті жанға бір өлім -
Ордаңды талқан қылып шабармын.
Ей, таңсыр-ау, ей, таңсыр!
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
Ханым, ханым дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды.
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.
Тәуекел хаққа бел байлап,
Қималы найза өңгеріп,
Бозбалаға жел беріп,
Атқа мініп шыққанда,
Ұлың, төре, сенің де
Көрер едім көтіңді!
Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған,
Құм сағыздай созылған,
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық-жалын шарт түйген,
Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман.
Келелі қара бұлтпын,
Келе жаумай ашылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша
Тартынбай сөйлер асылмын.
Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр!
Бойың жетпес биікпін -
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Шамдансам, шалқамнан түсер
асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар
болатпын.
Кәр қылар деп, тақсыр-ау,
Аяғыңа бас ұрман.
Байеке-сұлтан ақ сүйек,
Қыларың болса, қылып қал -
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін - жасырман.
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10