Махамбет Өтемісұлының Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі бар ма?
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда 1 мамырдан бастап жаңа жол белгілері енгізіледі
Шымкентте 22 адам белгісіз сұйықтықтан уланды
"Сен қолыңды да қимылдата алмайсың": Қызына қамқорлық танытқан әке желіні сүйсіндірді (видео)
Енді эпидемияға шалдыққан ел ТМД-ға мүше мемлекеттерден көмек сұрай алады – Заң жобасы
Қостанай балабақшасында екі бүлдіршінді ұрып-соққан тәрбиеші тек айыппұлмен құтылды
"Айбын" орденіне қазақстандық қайраткерлердің аты беріледі - Сенат заңды мақұлдады
"AirAstana" әуе компаниясының ұшқышы Алматыдан ұшар алдында есірткі тұтынғаны үшін ұсталды
Данияр Елеусінов Алматыда өтетін "Чемпиондар түні IBА" бокс кешінде жұдырықтаспайтын болды
Нұрлан Сейтімов ТМД бас хатшысының орынбасары болып Дәурен Абаевтың орнына келді
"Мұраны ғана емес, қарызын да өз мойнына алады": Қайтыс болған адамның несиесін кім өтеуге міндетті
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
Махамбет Өтемісұлының Баймағанбет сұлтанға айтқан сөзі
Талқылау
Пікір
27 Желтоқсан, 17
Кешегі Исатайдың барында (Мен ақсұңқар құстың сойы едім)
Алақандай Нарында
Басушы едім құлаштай.
Жәбір беріп, жала етсең,
Былғанған басым ыласқа-ай.
Мен бір шарға ұстаған
қара балта едім -
Шабуын таппай кетілдім,
Қайраса - тағы жетілдім.
Көрмес-келмес деп едім
Өз еркіммен бетіңді-ай.
Есігіңнің алдына
Ұрмай-соқпай келтірген -
Арманың бар ма құдайға -
Махамбет-сынды жетімді-ай?!
Еділ мен Жайық жер еді-ау
Мекен еткен шаруаға.
Жағасы қорған жай еді-ау!
Жай қоныстан айырылып,
Мен бір қаңғырып жүрген қарашы.
Қайта-қайта шақыртып,
Менде қандай ауыр ақың бар еді-ау?!
Мен ақсұңқар құстың сойы едім,
Шамырқансам, тақсыр, кетермін.
Кетпей де нешік етермін?
Бұл барғаннан барармын,
Қиядан орын алармын.
Еріскендей ер болса,
Соғысқандай жер болса,
Бірме-бірге келгенде,
Әлі де болса бір тәңірге жылармын,
Дұшпанға қылыш ұрармын.
Жазға бір ай қалғанда,
Аласапыран болғанда,
Бөліне көшкен еліңді
Бөріккен қойдай қылармын,
Жарыла көшкен еліңді
Жаралы қойдай қылармын.
Мен кеткенмен тек кетпен -
Сізден артық табармын.
Ашуыма көп тисең -
Өзекті жанға бір өлім -
Ордаңды талқан қылып шабармын.
Ей, таңсыр-ау, ей, таңсыр!
Боз орданы тіктім деп,
Боз ағашты жықтым деп,
Ханым, ханым дегенге
Көтере берме бұтыңды,
Көптіре берме ұртыңды.
Күндердің күні болғанда,
Өзіңнен мықты жолықса,
Ту сыртыңнан жармай алар өтіңді.
Тәуекел хаққа бел байлап,
Қималы найза өңгеріп,
Бозбалаға жел беріп,
Атқа мініп шыққанда,
Ұлың, төре, сенің де
Көрер едім көтіңді!
Беркініп садақ асынған,
Біріндеп жауды қашырған,
Құм сағыздай созылған,
Құйқылжыған құла жирен ат мінген,
Құйрық-жалын шарт түйген,
Мен кескекті ердің сойымын,
Кескілеспей басылман.
Келелі қара бұлтпын,
Келе жаумай ашылман.
Алдыңа келіп тұрмын деп,
Ар-намысым қашырман.
Сүйегім тұтам қалғанша
Тартынбай сөйлер асылмын.
Ей, тақсыр-ау, ей, тақсыр!
Бойың жетпес биікпін -
Бұлтқа жетпей шарт сынбан.
Шамдансам, шалқамнан түсер
асаумын,
Шамырқансам, шатынап сынар
болатпын.
Кәр қылар деп, тақсыр-ау,
Аяғыңа бас ұрман.
Байеке-сұлтан ақ сүйек,
Қыларың болса, қылып қал -
Күндердің күні болғанда
Бас кесермін - жасырман.
1
1
1
1
1
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10