0 интересует 0 не интересует
спросил 06 Май, 16 от Еңлік в категории Махаббат

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мінсіз жігітке қойылатын талаптар:

  • Адамгершілігі бар, иманды жан. Бойында иман ұшқыны бар, адамгершілігі мол жандар әрдайым сізді түсінуге тырысып, отбасындағы өз міндетін біліп, керек кезде ашуын тізгіндей біледі. Мұндай адам алдамайды, көзіңізге шөп салмайды, отбасына қиянат жасамайды және барынша жұмсақ болуға күш салады.
  • Ішімдіктен аулақ болуы шарт. Бәленің бәрі ішімдіктен басталады. Ішімдік ұрыс-керістің, көзге шөп салудың, жанжалдың себебі болып жатады. Ал ішімдіктен бойын аулақ ұстайтын адам сенімді әрі ұстамды болып келеді. 
  • Өзін-өзі алып жүруі тиіс. Ата-анасына сенім артып, оларсыз ештеңе істеуге дәрменсіз жігіттер өзіне жауапкершілік алып, шешім қабылдай алмайды. Қалай десек те, еркектің міндеті - әр кез батыл болып, өзі шешім қабылдап, отбасын, айналасындағыларды, Отанын қорғау. 
  • Сезімтал. Сүйіктіңіз сіздің көңіл-күйіңіз, денсаулығыңызды байқай білуі қажет.
  • Тәрбиелі. Таңдаған жарыңыз қарапайым әдептілік ережелерін білмесе, өмір бойы жанында жүруге ұялатын боласыз. Сырт келбеті әдемі әрі сәнді болса да, қоғамда, отбасында өзін-өзі ұстай алмайтын адамның жанында жүру де оңайға соқпайды. Оған қоса, жаныңдағы адамның мінез-құлқы өзіңе ықпал етпей қоймайтыны тағы бар.
  • Мінез. Ол сізді барлық жағдайда да түсіне білуі қажет. Тіпті, шектен тыс ашуға беріліп не еркелесеңіз де, өзін-өзі ұстай біліп, ашу танытпауы тиіс. Бір жағынан, ұсақ-түйек үшін бұртиып, шу шығарып, азаматыңызды ашуландырмауға тырысқаныңыз жөн.
  • Ақылды әрі білімді. Оқыған, ой-өрісі кең адамдар өздері ғана дамып оймай, айналасындағыларды да дамуға, алға жылжуға ынталандырады. Егер, бір орында тұрып қалып, біліміңіз тоқырап, ой-санаңыз таяздамағанын қаласаңыз, ер адамның білімі мен дүниетанымына назар аударғаныңыз абзал.
  • Адалдық. Сізді сүйетін және өмір бойы бірге болғысы келетін адамды сізден өзге жан қызықтырмауы тиіс. Өткен-кеткен қыздың барлығына көзін сүзетін еркектен адалдықты күтпеңіз. Адамгершілігі жоғары азаматтар қыз біткеннің бәріне қадалып қарай бермейді.
  • Еңбекқор. Бүгінгі күні қоғамымызда жалқаулар саны аз емес. Ер адам отбасын асырай білуі шарт. Бұл - оның міндеті. 
ответил 06 Май, 16 от Жазира