Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Майсана майы шаштың жылдам өсуіне көмектесе ме?

Талқылау
Пікір
Зере
06 Мамыр, 16

Шаштың түсуіне қарсы маска

1-әдіс. Бір шай қасық майсана майы, бір шай қасық бал, бір жұмыртқаның сарысы, екі шай қасық сусабын, бір пияздың шырынын жақсылап араластырыңыз. Қоспаны сәл қыздырып, бас терісіне жақсылап жағыңыз. Шашыңызды орамалмен орап, масканы бір сағат көлемінде ұстаңыз. Белгілі уақыт өткен соң шашыңызды жылы сумен жуыңыз. 

Құрамындағы пияз шырыны себепті масканың иісі жағымсыз болады. Алайда, пияздың арқасында масканың шаш түсуіне қарсы әсері нәтижелі бола түседі. 

2-әдіс. Майсана майына одан екі есе көп мөлшерде қызыл шарап немесе арақ қосыңыз. Араластырып алып, масканы шаштың түбіне жағыңыз. Шашыңызды орамалмен орап, масканы шашыңызда 1 сағаттай ұстаңыз. Артынша жылы сумен жуыңыз.

Динара
06 Мамыр, 16

Шаштың өсуін жылдамдатып, қалыңдататын маска

1-әдіс. Майсана майы, спирт, лимон шырынын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шаштың түбіне жағып, ұзағырақ ұстауға тырысыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, масканы түні бойы ұстаған жөн. Артынша шашыңызды жылы сумен жуыңыз. 

Мұндай масканы жиі жасап тұрсаңыз, шашыңыздың жылдам өсе бастағанын байқайсыз. 

2-әдіс. Майсана майы мен қырмызыгүл тұнбасын бірдей мөлшерде араластырып алыңыз. Бас терісіне жағып, масканы жарты сағаттай ұстаңыз. 

Тахмина
06 Мамыр, 16

Майсана майының ерекше пайдалы қасиеті - қан айналымын жақсартады. Майсана майынан маска жасамас бұрын, майдан жасалған маскаларды қолданудің жалпы ережелерімен таысып алыңыз. 

Шаштың тез өсіп, жылтырап тұрғанын қаласаңыз, майсана майынан артық құрал таппассыз. Оны шашқа арналған маска ретінде қоданудың ең оңай әрі жылдам әдісі- таза күйінде қолдану. Кез-келген дәріханадан майсана майын сатып ала аласыз. Оны сәл қыздырып, шашыңызға жағып, басыңызда қалағаныңызша ұстаңыз. 

Сондай-ақ, майсана майынан жасалатын маска қайызғақтан арылуыңызға көмегін тигізеді. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?