Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Тоғызқұмалақ ойының калай ойнайды?

Талқылау
Пікір
Бану
28 Ақпан, 18

Тоғызқұмалақ  қазақ халқының ұлттық ойыны. Оны ақыл-ой ойыны немесе қойшылар есебі деп те атайды. Ойын екі адамның қатысуымен арнайы тақтада ойналады. Тақтаның беті 18 ұяшыққа ойылған. Осы ұяшық отау деп аталады. Әрбір ойыншының тоғыз - тоғыздан отауы, құмалақ жинайтын бір – бірден қазаны болады. Сондай-ақ тоғыз отауға тиесілі 81 құмалағы болу керек.

Ойын шарты бойынша жүрісті жереби тастау арқылы немесе ойыншылардың келісімімен бастайды. Жүріс ойыншылар тарапынан кезектесіп жүріледі. Жүріс жасау үшін оң жағыңыздағы отаулардың бірінен біреуін орнына қалдырып, қалған  құмалақтарды солдан оңға қарай таратамыз. Тарату кезінде құмалақ қарсыласымыздың тақ санды отауына түсіп жұп қылса, оның қазанындағы құмалақты сіз ұтып аласыз. Егер соңғы құмалақ  қарсыластың жұп санды отауына түсіп тақ қылса, онда құмалақ ұтып алынбайды.

 

Тұздық ережі бойынша айтатын болсақ, ойын барысында қарсыластың құмалағын ғана емес отауын да ұтып алуға болады. Бірақ бұл ереже ойын кезінде бір рет қана қолданылады. Тұздық алу үшін, қарсыластың екі құмалағы бар отауына таратқан құмалағыңыздың соңғысы түсу керек.Сонда сол отаудағы үш құмалықты отауымен бірге сіз ұтып аласыз. Әр жүріс жасалған кезде тұздық алынған отаға түскен бір құмалақ ұтқан адамның қазанына тиесілі.

Ал атсырау ережесі ойын аяқталарда қолданылады. Ойын соңына қарай екі қарсыласта да құмалақ азая бастайды. Әр құмалақ ұтып алынған сайын немесе тұздық алынған сайын қарсылас жұру мүмкінді кемиді. Сондықтан ойын соңында қарсыластар бірінің отауларына жүріс жасай алмайтын жағдай да кездеседі. Ойыншылардың бірінің отауларындағы құмалақты екіншісі таусып алып, жүріссіз қалуы – атсырау деп аталады.

Ойындар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Тимбилдинг дегеніміз не?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Бадминтон дегеніміз не?

1
ҚаЗаҚ
5 жыл бұрын пайда болды

Жеті қаңылтыр деген ойын ережесі қалай еді?

1
Жалғас
7 жыл бұрын пайда болды

"Аударыспақ" деген қандай ойын?

1
Айдын
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылға арналған ойындар бар ма?