Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жігітті қалай қарату

Талқылау
Пікір
Дариға
03 Шілде, 18

Сонымен қатар ұнатқан жігітіңізді өзіңізге қарату үшін мына кеңестердің де оқып көріңіз:

  • Ер адамдарға таңдаған адамының сырт келбеті маңызсыз емес. Сондықтан, әрдайым өзіңізді күтінуге тырысып, мінсіз бойжеткен болуға күш салыңыз. 
  • Оның қызығушылықтарын түсіне біліңіз. Онымен футбол ойынын көруге барыңыз немесе көлігін жөндеп жатқанында көмегіңізді ұсыныңыз. 
  • Ер адамдар да мақтау сөздерін ұнатады. Оған қандай әдемі, ақылды, тартымды, мейірімді екенін жиірек айтып тұрғаныңыз ләзім. Өзін мақтағанды кім ұнатпасын? Оның үстіне, ер адамға сүйгенінің өзін қаншалықты бағалайтыны, ол үшін өзінің мықтылардың мықтысы екені қашан да маңызды. 
  • Және де ер азаматтарды ұсақ кемшіліктері мен сәтсіздіктері үшін ұрысушы болмаңыз. Оны ешкім де көтермейді. Ешкімнің де өзін әрдайым мүжіп, кемсіткенін ұнатпайтыны анық. Егер де ер адамыңыздың бір кемшілігі ұнамаса, өзіңіз өзгертуге тырыспаңыз, керісінше, өзі өзгеруді қалайтындай жасаңыз. 
Ажар
03 Шілде, 18
Ұнатқан жігітіңізді өзіңізге қарату үшін, өзіңізді болмысыңызды көрсете біліңіз. Кемшіліктеріңізді жасырудың да қажеті жоқ. Себебі сізді сүйген адам сізді сол қалпыңызда қабылдауы тиіс. Әрине, бірінші кезекте сыртқы сұлулық тұрары анық. Өзіңізді таза ұстап, күтініп жүріңіз. Себебі тазалықты сүймейтін адамның сұлу, тартымды көрінбейтіні анық. Сондай-ақ, киімге, бояуға да мән беріңіз. Киіміңіздің тым ашық-шашық болмағаны абзал. Себебі жігітте сізге деген құштарлық қана емес, сезім болуы тиіс. Сонымен қатар ашық-шашық киімді көп киетін әйелдің құрметі де, бағасы да төмен болады. Ал бетіңізді опа-далаппен әрлегенде, шектен шықпаңыз. Барынша табиғилығыңызды сақтауға тырысыңыз. Және жігітті өзіңе қарату үшін, ішкі сұлулық та маңызды. Кітапты көп оқып, көп ізденіңіз. Ұнатқан адамыңыздың қызығушылықтары туралы біліп, сол туралы көбірек мәлімет алуға тырысыңыз. Сондай екеуіңіздің араңызда ортақ әңгіме пайда болып, бір-біріңізге рухани тұрғыда жақын болуға әсер етеді.
Махаббат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Альфонс деген кім?

1
172517
4 жылы бұрын пайда болды

Кызды калай коздыруга болады

1
Жазира Усманова
5 жыл бұрын пайда болды

Менің жолдасым менің көзіме шөп салып жүр. Мен не істесем болады?

1
Айсамал
5 жыл бұрын пайда болды

Айсамал есімі қандай мағына береді