0 интересует 0 не интересует
спросил 11 Май, 16 от Ақпейіл в категории Тағам рецептері

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Картоп қуырудың классикалық әдісі:

Қажетті заттар: 

3-4 дана ірі картоп;

өсімдік майы;

тұз;

Дайындалуы:

  • Картопты қабығынан тазалап, су құйылған ыдысқа саламыз. Су көкөніс бетін толығымен жауып тұруы тиіс.
  • Картопты ұзынша етіп турап, суға салып қоямыз.Барлық картопты турап болған бойда табаны отқа қойып, бірнеше қасық өсімдік майын құямыз. Отты баяу етіп жағамыз.
  • Таба қызып жатқан уақытта картоптың суын төгіп, матаға қойып, құрғатамыз. 
  • Май қызығанда табаға картопты салып, отын сәл баяулатып, сол күйінде 5-7 минутқа қоямыз. 
  • Белгіленген уақыт өткен соң картопты бір араластырып аламыз да, 3-4 минутқа қалдырамыз. 
  • 3-4 минут өткеннен кейін тағы бір арластырып, 1-2 минут күтеміз. Артынша ең қалыңырақ картопты ортасынан бөліп, піскенін тексеріп көреміз. Егер толық піспесе,дайын болғанша қуырамыз.
  • Дайын болған соң тұз салып, ақырындап араластырамыз.
Асыңыз дәмді болсын!

ответил 11 Май, 16 от Айдана
0 интересует 0 не интересует

Фри картобы

Қажетті заттар:

картоп - 1 кг;

өсімдік майы - 0,5 л;

тұз.

Дайындалуы:

  • Картопты қабығынан тазалап, жуып, бірдей мөлшерде ұзынша етіп тураймыз. 
  • Матаның үстіне қойып, құрғатып аламыз.
  • Кішірек көлемдегі кәстрөлге май құйып, жақсылап қыздырамыз.
  • Майы қызыған соң картопты аздаған сөлшерде салып отырып қуырамыз. Картоп сарғыш-қоңыр түстес толғанша қуыру керек.
  • Дайын болған картопты сүзіп алып, қағаз майлыққа қоямыз.
  • Ұсынар алдында тұздау қажет.
ответил 11 Май, 16 от Жадыра