Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қыздарды қандай тәтті сөздермен еркелетуге болады?

Талқылау
Пікір
Данышпан
11 Мамыр, 16

Қыздарды мынадай сөздермен еркелетуге болады:

Сен - менің мұз құрсаған жүрегімді жан жылуыңмен жібіткен шуақты күнімсің.


Сенен нәзік, сенен көркем ару жоқ. Сен - менің ақкербез аруым, жарқыраған жұлдызым, көктен түскен періштемсің.


Кеше түнде жұлдызды аспанға қарап, әр жұлдызға сені құлай сүюімнің себебімен ат қойдым. Бәрі де ойдағыдай келе жатыр еді, тек жұлдыздар таусылып қалды.


11 раушан гүлін ұстап айнаға қарасаң, әлемнің 12 кереметін көрер едің, сұлуым.


Менің көздеріме қарасаң, мені табар едің. Ал жүрегіме үңілсең, өзіңді табасың.


Маған құтқару шеңбері қажет. Сенің түпсіз көзіңнің тұңғиығына батып барамын.


Мен сені ессіз сүйемін. Сені көрген сайын құшағыма алып, ешқайда жібергім келмейді. Себебі менің құшағымда тұрғаныңда жүрегімнің әр қараңғы түкпірін шуаққа бөлейсің.


Мен сені кешегіден де артық сүйемін. Бірақ бүгінгі махаббатым ертеңгідегіден аз.


Сен бүкіл әлемге лайықсың, бірақ оны алақаныңа сала алмаймын. Сол себепті саған өз әлемімді сыйлаймын. 


- Аспанға қанша қарасам да, бір де бір жарық жұлдыз көрме алмадым.

- Неге?

- Сенің жарқын бейнеңнің алдында күн де жарық емес, жаным!


Мен әлемді бір-ақ қолыммен бағындырар едім, бірақ екінші қолымнан сенің ұстағаның керек.


Гүлдерден раушанды, бар қыздың ішінен сені ұнатамын. Сенің де раушан гүлі мен мені ұнатқаныңды қалаймын.

Махаббат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Альфонс деген кім?

1
172517
4 жылы бұрын пайда болды

Кызды калай коздыруга болады

1
Жазира Усманова
5 жыл бұрын пайда болды

Менің жолдасым менің көзіме шөп салып жүр. Мен не істесем болады?

1
Айсамал
5 жыл бұрын пайда болды

Айсамал есімі қандай мағына береді