Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері бар ма?

Талқылау
Пікір
Мейіржан
12 Мамыр, 16

Жер сілкінісі кезінде көшеде немесе ғимаратта әрекет ету ережелері

  1. Бірінші кезекте балаларды тауып, оларды анағұрлым қауіпсіз жерге орналастыру керек. Жер сілкінісі кезінде терезелер, шыны қабаттар, ауыр заттар, электр желісіне қосылған электр жабдықтары үлкен қауіп төндіреді. Сондықтан олардан алшақ жүруге тырысыңыз.
  2. Жер сілкініп жатқан кезде бөлмеден жүгіріп шығуға болмайды. Мұндай кезде баспалдақ алаңында болсаңыз, лифтіні пайдаланбаңыз. Жер сілкінісі толқыны басылған кезде ғана ғимараттан шығуға болады. Өз үйіңізде болған жағдайда, үйден шығып, неғұрлым алыс жерге алшақтауға тырысыңыз.
  3. Жер сілкінген кезде көшеде биік ғимараттардың жанында тұрсаңыз, үйінді астында қалу қатері төнбес үшін, есіктің босағасында тұрып, сілкініс аяқталғанын күтіңіз. Сонымен қатар электр желісінен алысырақ тұруға тырысыңыз, себебі олар кез келген сәтте үзіліп кетуі мүмкін.
  4. Көлікте келе жатсаңыз, қозғалысты тоқтатыңыз. Алайда биік әрі тез қирайтын ғимараттардан алыс жерге тоқтауға тырысқаныңыз жөн.
  5. Жер сілкінген кезде қайықта болсаңыз, жағада ғимарат болмаған жағдайда ғана жағаға қарай жүзіңіз. Жер сілкінісі көп жағдайда судың (мұхиттың, теңіздің) толқуына, сонымен қатар үлкен толқындардың, тіпті, цунамидің пайда болуына алып келуі мүмкін. Жағаға шыққаннан кейін жағалау сызығынан қауіпсіз жерге алшақтауға тырысыңыз.
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?