0 интересует 0 не интересует
спросил 12 Май, 16 от Райхан в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Үй котлеті 

Қажетті заттар:

  • тартылған ет- 500-600 г,
  • пияз - 1 дана,
  • жұмыртқа - 1 дана,
  • нанның жұмсағы - 100-150 г,
  • сүт - 150 мл,
  • ұн - 5-7 ас қасық,
  • сары май - 2-3 ас қасық,
  • өсімдік майы - 2-3 ас қасық,
  • тұз,
  • қара бұрыш.
Дайындалуы:
  • Нанды үлкен текшелерге бөліп, ыдысқа салып, үстіне сүт құйып қоямыз.
  • Пиязды тазалап, ұсақтап тураймыз.
  • Табаға өсімдік майын құйып, сары май салып, қыздырамыз. Оған пиязды салып, аздап тұз, бұрыш қосып, пиязды жұмсарғанша бау отта қуырамыз.
  • Жұмыртқаның ақуызын сарысынан бөліп аламыз. 
  • Ыдысқа тартылған ет, жұмыртқаның сарысын, сүті сығылып алынған нан, қуырылған пиязды (қуырылған майымен бірге) салып, тұз, бұрыш қосып, жақсылап араластырамыз. 
  • Жұмыртқаның  ақуызын жақсылап шайқаймыз.
  • Шайқалған жұмыртқаның ақуызын етімізге қосамыз да, араластырамыз.
  • Еттен котлеттер жасап, ұнға аунатып аламыз.
  • Табада өсімдік май мен сары майды қыздырамыз.Май қызыған соң котлеттерді салып, екі жағын қызарғанша қуырамыз. 
  • Қуырылған котлеттің үсітне аз ғана мөлшерде су құйып, табаның бетін жауып, дайын болғанша күтеміз.
Асыңыз дәмді болсын!
ответил 12 Май, 16 от Сәбила