0 интересует 0 не интересует
спросил 12 Май, 16 от Камил в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Заңгер маманның міндеттері

Ұйымның атқаратын қызмет саласына, жұмыс орнындағы нақты қызметіне байланысты заңгер маманның міндеттері әр түрлі болып келеді. Десе де төмендегі тізімде көрсетілгендерді негізігі міндеттері ретінде тануға болады:

  • Заңдық маңызы бар мәліметтерді зерделеу;
  • Заңдық құжаттарды дайындау (келісім шарт, талап қою арызы, жергілікті актілер, т.б.);
  • Басшылыққа, қызметкерлерге, клиенттерге зеңгерлік кеңес беру;
  • Сотта, мемлекеттік органдарда, контрагенттер алдында ұйымның мүддесін таныстыру;
  • Бірқатар мекемелерде заңгер міндетіне есеп-қисап құру, құқықтық құжаттарды аудару және т.б. міндеттер кіреді.

Жұмыс орны

Заңгер мамандар қызметін мемлекеттік және жеке меншік компаниялар да қажетсінеді. Заңгер қызметі келесі мемлекеттік ұйымдарда бар:

  • Сот және құқық қорғау органдары (прокуратура, полиция, кеден, тергеу органдары);
  • Мемлекеттік және муниципалдық билік органдарын (салық инспекциясы, тіркеу мекемесі және т.б.)
Мемлекеттік қызмет атқармайтын заңгерлер қызметін екі топқа бөлуге болады:
  • Кәсіпорындардағы штаттық қызмет атқаратын заңгерлер (корпоративтік заңгер);
  • Мамандандырылған заңгерлік компанияларда қызмет атқаратын заңгерлер немесе тәуелсіз қорғаушылар. 
ответил 12 Май, 16 от Бағлан