0 интересует 0 не интересует
спросил 12 Май, 16 от Жазира в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Айдаров Ернар Жаңабайұлы 1991 жылы 13 наурызда Тараз қаласында дүниеге келген. Бала күнінен  Тоқтар Серіков, Досымжан Таңатаров, "МузАрт", "Нұр-Мұқасан" топтарының әндерін тыңдап, еліктеп өскен. Мектептегі білімін тәмамдаған соң  Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде заңгер мамандығы бойынша білім алған.  Ең алғаш әкесіне арнап "Асыл әке" әнін жаздырған әнші 2014 жылы "Алтын микрофон" байқауына қатысып, "Ең үздік әнші жігіт" атағына ие болған. Ел ішінде Ернар "Жарығым-ай" әнімен танымалдыққа ие болды. Бүгінгі күн орындауында 90-ға жуық әні бар.  "Тым болмаса", "Жарай ма", "Сонда да сүйем", "Ботакөзім", "Мені алда" әндерімен халқының сүйіспеншілігіне бөленіп жүр.

ответил 12 Май, 16 от Әсел