0 интересует 0 не интересует
спросил 12 Май, 16 от Ғазиз в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сату бойынша менеджер маманның қызметі - адамдармен тіл табысу қабілеті мен клиенттер сұранысын, қажеттілігін өтеу туралы білімін пайдаланып, нақты әрі тиімді мәміле жасау.

Егер тауарды жеткізуші тауарды жеткізіп, ақшаны алып қайтса, мұнда адамдармен тіл табысу қабілеті керек пе? Оған күмәндіміз: тауар таңдалып, тапсырыс берілген, баға нақтыланған, ғаламтор дүкенінде тауарға тапсырыс берген адам тауарды сатып алуға келісімін берген. Демек тауарды жеткізуші сату бойынша менеджер бола алмайды. Егер маркетинг бөліміндегі адам клиенттердің қажеттілігі мен талап-тілегін ескеретін ерекше тауар ойлап тауып,  клиенттерді тауардың барлық мүмкіндігі жайлы құлақтандырып, адамдар тауарды сатып алу үшін ұзын-сонар кезекке тұрса, демек нақты бір тауарды нақты бір адамның не ұйымның сатып алуына маркетологтың ықпалы болған жоқ. Бұдан шығатыны, маркетолог та сату бойынша менеджер бола алмайды. 

Алайда барлығы мұншалықты қарапайым болса, не себепті сату бойынша менеджер мамандығының қызметінің бейнесі әлі де бұлыңғыр? Бәрі де сіз ойлағандай күрделі емес, әлдеқандай тауарды сату үшін, төменде көрсетілген қызметтерді атқару қажет: 

  • нарықтың болашағы, тауарға деген сұраныс, бәсекелестер жайлы зерделеу;
  • нарыққа сәйкес тауар не қызмет түрін ойлап табу; 
  • потенциалды клиенттер ідестіріп, тауарды ұсыну;
  • тауардың ең үздік екеніне клиентті сендіру; 
  • келісім шарт жасау;
  • тауарды жеткізу не қызмет түрін көрсету; 
  • сатылымнан кейін де қызмет көрсету. 
ответил 12 Май, 16 от Тұрсынхан