Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Достық туралы қандай мақал-мәтелдер білесіздер?

Талқылау
Пікір
Қыдырбек
10 Ақпан, 16

Достың сыр айтқаны - сенгені,

Сын айтқаны - сүйгені.

***

Досы жоқ сырын

Кімге айтады?

Таңдаушысы жоқ сырын

Кімге айтады?

***

Досы көптің жаны - даладай,

Досы жоқтың жаны - аядай.

***

Досың аз,

Дұшпаның көп болса,

Жер боласың.

Ақылың аз,

Ашуың көп болса,

Қор боласың.

***

Досың амандықты,

Дұшпаның

Жамандықты тілейді.

***

Достасу оңай, 

Сыйласу қиын.

Дауласу оңай,

Жарасу қиын.

Рүстем
10 Ақпан, 16

Достық туралы мақал-мәтелдер

Достық - асқардан биік,

Қиял - оқтан жүйрік.

***

Достық астан танылмас,

Істен танылар.

***

Достық жоғалса,

Қоғам азады.

Махаббат жоғалса, 

Ұрпақ азады.

***

Достың берген жаңғасы - атқа ауыр.

***

Достың достығы 

Әр жерде емес, тар жерде.

***

Достың көзінде (төрінде) болғанша,

Көңілінде бол.

***

Досты сынамай,

Сырыңды айтпа.

***

Достың санына қарама,

Жанына қара.

Мақал-мәтелдер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Келін туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Өтірік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Ақиқат туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Көрік туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Жанұя туралы мақал-мәтелдерді білесіздер ме?