Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Астана жайлы қандай қызықты деректер бар?

Талқылау
Пікір
Дәурен
12 Мамыр, 16

Астана жайлы қызықты деректер:

  • Астана - Азияның ең солтүстігінде орналасқан астана.
  • Астана - Ұлан-Батордан кейінгі ғаламшарымыздағы ең суық астана. Астанада күн Канада астанасы Оттавадан да суық.
  • 1998 жылға дейін атауы "астана" мағынасын білдіретін бір ғана астаналық қала болған. Ол - Сеул (кәріс тілінде "соуль" сөзі "астана" деп аударылады). Екіншісі біздің Астана болды.
  • Moody’s Investors Service әлемдік рейтингілік агенттіктің 2003 жылғы нұсқасы бойынша Қазақстан астанасы әлемнің ең үздік 30 қалаларының тізіміне енген.
  • 2012 жылы Астана ТМД және түркі әлемінің мәдени астанасы болды.
  • "Астана Опера" театрының аумағы "Астана Арена" стадионы алаңынан 9 есе үлкен. Оған қоса, "Астана Опера" - Орта Азиядағы ең үлкен театр.
  • Астанадағы ең қысқа көше - Біржан сал көшесі. Оның ұзндығы 358,7 метрді құрайды.
  • Астанадағы ең ұзын ғимарат Министрліктер үйінің ұзындығы - 2 километрге жуық.
  • Жыл сайын қалада 7 900 000-нан астам гүл отырғызылады.
  • 2012 жылы Орталық алаңда ең үлкен тағам дайындалды. Ол - 100 метрлік ролл.
  • Хан-Шатыр ойын-сауық орталығының шатыры - жер шарындағы ең үлкен шатыр.
  • Астаналықтар арасында ең көп таралған есімдер - Нұрсұлтан, Айзере, Айару, Әмина, Кәусар, Айша, Нұрислам, Әлихан, Темірлан, Ерасыл, Ислам.
  • Астанада спортпен шұғылдануға арналған 525 ғимарат жұмыс жасайды. Оларда 160 000 адам спортпен шұғылданады. 
  • Астанадағы ең көп таралған көлік маркасы - "Тойота Камри".
  • Көлемді деген қалалық мерекелік шараларда көшелерде 1500-нан астам ту ілінеді.
Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?