0 интересует 0 не интересует
спросил 14 Фев от Маржан в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мандарин ішектің жұмысын жақсартады және тісті қатайтады. Мандариннің құрамындағы қайталанбас зат (нобилетин) бауырда майдың жиналмауын алдын алады. Соның арқасында сезімдікке шалдықпайсыз. 100 грам мандаринде 42 калорий болады. Яғни жемістің бұл түрін жегенде семіріп кетуден қорықпауға болады. 

Мандарин инсулиннің деңгейін тұрақтандырып, екінші деңгейдегі диабеттің алдын алады. Атеросклероздың дамуын алдын алады. Бұл дегеніңіз - инфаркт пен инсультқа шалдығу қаупі төмендейді. 

Мандарин қандағы холестерин мөлшерін азайтады (тәулігіне 2-3 мандарин жеген жағдайда). 
Мандарин құрамындағы калий жүрек пен қан тамырларының жүрегін жақсартады. Ал пектин ішектің жұмысын жақсартады. 

Мандарин құрамында фосфор мен кальций бар, ол сүйек пен тісті қатайтады. 

Сондай-ақ, мандарин құрамындағы магний күйзеліс деңгейін төмендетеді.Тәулігіне 2-3 мандарин жеген жағдайда иммунитет көтеріледі. 

ответил 14 Фев от Аида