0 интересует 0 не интересует
спросил 13 Май, 16 от Асқар в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Ауыздағы жағымсыз иістен халық емінің көмегімен арылу:

  • Жалбыз жапырағының 20 данасын жұлып алып, оны кепкен бір қасық кепкен жалбызмен араластрып, қайнтпа дайындаңыз. Бірнеше аптай бойы қайнатпамен аузыңызды күніне 3-4 рет шайқаңыз. 
  • Егер ауыздағы жағымсыз иіс асқазан ауруымен байланысты болса, жарты литр суға бір ас қасық тұз салып, таңертең оянған бетті тұз қосылған суды ішіңіз. Бірнеше минуттан кейін айран не сүті ішіңіз. Процедураны 5 күн қатарынан жасау қажет. Аталған әдіс асқазан жарасымен, гастритпен ауыратын адамдар үшін жарамысыз.
  • Бірнеше райхан жапырғын жесеңіз, аузыңыздағы жағымсыз иістен арыла аласыз.
  • Алма жеу. Бұл әдісті тіс дәрігерлері де қолдайды. Алма тіс кіреукесін тазартып, жағымсыз иісті жойып, тіс ауруларының алдын алу үшін қолданылады. 
  • Пияз не сарымсақты ақжелкенмен, балдыркөкпен қосып жеу.
  • Орман қойбүлдіргені, түймедақ, сәлбен, шайшөп, жалбыз, қырмызыгүл жапырақтарының тұнбасымен ауызды шайқау.
  • Жағымсыз иіс сілекей бөлінуінің бұзылуымен байланысты болса, герклес ботқасын жеңіз. Бұл ботқа сілекейдің көп мөлшерде бөлінуіне көмектеседі.
  • Егер жағымсыз иіс қызыл иек қабынуының салдарынан болса, сәлбен шайының бір қасығын қайнатып, жылы күйінде ішіңіз. 
  • Кофе дәндерін шайнаңыз. Ол арқылы ауыздағы жағымсыз иістен бірнеше сағатқа арыла аласыз.

ответил 16 Май, 16 от Самал