Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Үйде бетіме қандай маскалар жасасам болады?

Талқылау
Пікір
Меруерт
13 Мамыр, 16

Безеулерден арылуға арналған майсана майы маскасы:

Бір шай қасық майсана майы мен қырмызыгүл спиртті тұнбасының шай қасығын араластырып, шайқалған жқмыртқаның ақуызын, ұсақталған бір аспирин таблеткасын қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, бетімізге бір қабат етіп жағамыз. Бетіміздегі маска құрғаған соң тағы бір қабатын жағу керек. Ппоцедура 20 минутқа созылады. Масканы жылы сумен жуу қажет.

Бет терісін ағартуға арналған майсаны майы маскасы:

Бір шай қасық майсана майын бір шай қасық қияр не лимон шырынмен араластырамыз. Масканы беттің секпіл не пигменттік дақ бар аймақтарына ғана жағамыз. Егер бет терісінің басым бөлігінде секпіл болса, бетіңізге түгелдей жағуыңызға болады. Бұл ретте масканың құрамына бір ас қасық бал немесе айран қосқан жөн. 

Құрғақ теріге арналған майсана майы маскасы:

Бұл масканың бет терісін ылғалданыдырып, жарқырай түсуіне ықпалы мол. Жұмыртқаның сарысын бір ас қасық майсана майыменараластырып, жақсылап шайқау қажет. Масканы бетіңізге жағып, құрғаған соң тағы бір қабат жағу қажет. Масканы бетіңізде 10 минут ұстаңыз.

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?