0 интересует 0 не интересует
спросил 13 Май, 16 от Жəмила в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Отбасына, үйге бақыт әкелетін гүлдер:

  • Узамбар шегіргүлі (сенполия). Узамбар шегіргүлі ерте күндерден-ақ ғашықтар бойтұмары деп есептеледі. 
  • Қазтамақ (пеларгония). Бөлмеде өсетін қазтамақты ата-бабаларымыз берік әрі тату отбасының белгісі, тыныштық пен береке орнаған үйдің бойтұмары деп білген. 
  • Спатифиллум ("әйел бақыты"). Бұрындардан бері адамдар "әйел бақыты" гүлінің ерлі-заыптылар арасындағы сезімді арттырып, үйге бақыт пен махаббат әкеледі деп сенеді.
  • Антуриум ("еркек бақыты"). Бұл  гүл жалынды махаббатты білдіріп, батылдықтың,күш-қуат пен еркіндіктің белгісі болып табылады.
  • Аихризон ("бақыт ағашы"). Аихризонды "бақыт ағашы", "махаббат ағашы" деп атап жатады. Әдетті бұл гүлді қоныс тойына сылайды: ол үйге тыныштық, қуаныш, береке алып келеді.
  • Хойя (боз шырмауық). Тәжірибелі гүл өсіпуші мамандар отбасындағы бақыт пен берекені тілейтін жұптарға дәл осы гүлді сатып алуға кеңес береді.
  • Калатея. Калатея - үйдегі берекенің белгісі болып табылады. 
  • Фикус. Ерте уақыттардан бері фекус отбасының қорғаушысы деп саналады. 
ответил 13 Май, 16 от Береке