Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бақбақтың қандай пайдасы бар?

Талқылау
Пікір
Нұрдін
13 Мамыр, 16

Бақбақтың емдік пайдасы:

  • Бақбақ гүлінде Менделеев кестесіндегі натрий, кальций, калий, марганец, темір, алюминий, магний, мыс сынды ең пайдалы элементтер қоры бар. Оған қоса, А, С,  F  және В тобы дәрумендері кездеседі. 
  • Бақбақ тамырында табиғи крахмал мен қант алмастырғыш бар. 
  • Ауруды басатын, өт айдайтын, несеп айдайтын, терлететін, қабынуға қарсы және сергітетін әсері себепті бақбақты ерте замандардан "өмір эликсирі" деп атаған.
  • Бақбақ ағзадан уытты заттарды шығарып, жүрек-қантамыр жүйесінің қызметін жақсартады.
  • Бақбақ қант диабеті мен қатерлі ісіктен қорғайтын антиоксиданттарға бай. 
  • Теріні өлі жасушалардан тазартып, ылғалдандыратын әсерге ие бақбақты косметологияда қолданады. Күнделікті бақбақты пайдалансаңыз, бет терісі тазарып, жарқырай түседі.  Оған қоса, безеу, бөртпе, сыздауықтан да арыласыз.
  • Бақбақ тамырының ұнтағы жараларды, күйікті жазады. 
  • Бақбақ гүлдерінің қайнатпасы ұйқысызық дертіне шалдыққанда, қан қысымының артуында қолданылады.
  • Бақбақ құрамында көп мөлшерде кездесетін магний жүйке жүйесін, жүректі емдеп, қандағы гемоглобин мөлшерін көбейтеді.
  • Бақбақ артық салмақтың, цирроздың алдын алып, бауыр, асқазан ауруларын, дәрумен жетіспеушілігін емдейді.
  • Бақбақ тәбетті арттырып, ас қорытуды жақсартады.
Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?