БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бетті қалай дұрыс жуу керек?

Талқылау
Пікір
Салтанат
13 Мамыр, 16

Бетті дұрыс жуу жөнінде кеңестер:

  • Бет терісінің ерекшелігіне сәйкес бет жууға арналған құрал таңдаңыз.
  • Бетіңізді жумастан жұрын қолыңызды жақсылап жуып алғаныңыз жөн.
  • Бетіңізді жуатын су бөлме температурасына сай болуы тиіс.
  • Асықпаңыз.Бет жууға арналған құралды құрғақ теріге жақпаңыз. 
  • Бетіңізді бірнеше рет шайыңыз. Бет жууға арналған құралдың қалдықтары теріңізді құрғатып, тері саңылауларын бітейді. Гельді бетіңізден түгелдей кетіру үшін бетіізді жақсылап шайыңыз.
  • Пилингті жиі жасамағаныңыз абзал. Ол терінің табиғи қорғаныс қабатын зақымдауы мүмкін.
  • Бет жуу барысында ысқыш не орамалды жиі қолданбаңыз. Бет терісін жақсылап жуу үшін саусақтарыңыздың өзі жеткілікті. Алайда бет жуу үшін ысқыш не орамал қолдансаңыз, олардың әрдайым таза болуына көңіл бөліңіз. Оған қоса, бетіңіздің қатты ыспаңыз.
  • Бетіңіз жуылған соң құрғап үлгермей тұрғанда иісмай жағуды ұмытпаңыз.
  • Бетіңізді күніне 2-3 рет жуғаныңыз дұрыс. Десе де шектен шығуға да болмайды. Бетіңізді жиі жуғаныңыздың салдарынан терінің табиғи қорғаныс қабатының қызметі бұзылып, безеулер мен бөртпелер пайда болуына жағдай жасайды. 
  • Бетіңізді жақсылап тазартпайынша ұйқыға жатпаңыз. Керісінше жағдайда бетіңіздегі кірдің себебінен бет терісі қызарып, тері саңылаулары бітелуі мүмкін. 
Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?