Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бедеуліктің қандай себептері болуы мүмкін?

Талқылау
Пікір
Наргиз
13 Мамыр, 16

Ер адам белсіздігінің себептері:

  • ағзада ақуыздың жетіспеушілігі;
  • туа бітті ақаулар;
  • ер адам жұмалағының төмен түспеуі;
  • гормондардың бұзылуы;
  • шылым шегу, ішімдік, химиотерапевтикалық дәрі-дәрмектер;
  • анаболикалық стероидтар.
Сәбира
13 Мамыр, 16

Әйел бедеулігінің себептері:

  • бала туу мүшелеріндегі туа бітті ауытқу;
  • ұрпақ өрбіту ағзаларындағы жүре пайда болатындары:
  • анатомо-морфологиялық өзгерістер;
  • функционалдық өзгерістер;
  • зат алмасуындағы үйлесімсіздік.

Жоғарыда аталғандар әйел бедеулігінде көп кездесетін себептер болып табылады. 35 жастан әйелдердің, әсіресе ол жасқа дейін бала тумаған әйелдерде бедеулік қаупі жоғары екені байқалған. 

Бедеуліктің бұған дейін шалдыққан гинекологиялық ауруларға байланыссыз екі жалпы себебі бар:

  • жас ұлғайған сайын физиологиялық процестердің баяулауы;
  • жүктілікке қарсы дәрі-дәрмектерді ұзақ уақыт қолдану.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?