Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Бермуд үштағаны несімен əйгілі?

Талқылау
Пікір
Ескендір
13 Мамыр, 16

Бермуд үштағаны - теңіз және әуе кемелерінің жұмбақ жоғалуы жиі орын алатын Атлант мұхитындағы аумақ. 

Бұл құбылысты түсіндіру үшін түрлі болжамдар алған тартылуда. Олардың басы ауа райындағы ерекше құбылыспен байланысты болса, соңы аталған құбылысқа бөгде ғаламшарлықтардың қатысы барлығы жөніндегі болжамдармен аяқталады. Тылсым құбылысқа сенбейтін кей адамдар бермуд үштағанындағы кемелер әлемдік мұхитта болып жататын жоғалулардан жиі жоғалмайтынын айтады.

1975 жылы Лоуренс Куше "Бермуд үштағаны: аңыздар мен шындық" атты кітабын жариялады. Онда жазушы бұл аумақта тылсым және ерекше құбылыстың жоқтығын дәлелдеуге тырысады. Аталған кітап сансыз қателіктер  мен бермуд үштағаны жұмбағына сенетіндердің еңбектеріндегі олқылықтарды анықтаған құжаттар мен куәгерлердің сұхбатына көптеген жылдар бойы жүргізілген зерттеуге негізделеді. 

Теорияны жақтаушылар соңғы 100 жылдың ішінде жүзден астам ірі теңіз және әуе кемелерінің жоғалғанын еске салады. Кемелердің жоғалуынан бөлек, бұл аумақтағы уақыт ауытқуы, уақыт кеңістігінде саяхатпен байланысты тылысм құбылыстар жайында да сөз қозғайды. Куше және басқа да зерттеушілер бұл жағдайлардың кейбірі бермуд үштағанынан тыс аумақта болғандығын көрсетті. Ал кей оқиғалар жайлы ресми деректерден ешқандай ақпарат табылмады. 
 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?