Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Зейін Шашкин өмірінен қызықты деректер, отбасы жайында деректер керек

Талқылау
Пікір
Зәуре
04 Шілде, 18

Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі

Зекеңнің жүріс-тұрысы, мінезі өте жақсы болды. Ол кісі қиыншылықты көп көрген адам ғой. Репресияға ұшырап, сонда тергеушілердің ұрып-соғып қинамағаны, көрсетпеген қорлығы жоқ. Қабырғасын сындырып, тісін қағып алған. Сонда да қайтпай, кінәні мойындамаған жан болыпты. «Совет кезінде өстім, оқыдым, менен қандай «халық жауы» шығады» деп тайсалмай жауап қатқан. Ешбір мойындата алмаған соң, не істерін білмей, жазалаушы жүйе Зекеңді 17 жылға соттап, Колымаға айдаған. Семейдің педагогикалық институтына кафедра меңгерушісі болып қызметте жүрген уақыты еді, НКВД жендеттері дәріс кезінде қолына кісенді салып, студенттерінің көзінше алып кеткен. Өтебай Тұрманжановпен, М. Қаратаевпен бірге түрмеде болған.  Зекең өте балажанды адам болды дедім ғой. Осы Гүлжан дүниеге келгенде оған ешкімді жолатпайды, ешкімге көрсетпейді. Қызық болды мінезі (күлді). «Көз тиеді» дегенді шығарып, жан баласын жуытпайтын. Балаға беретін су, басқа да сусынды алақанын құйып, температурасын сонымен өлшейтін. Олай істемесе, балаға сусын бергізбейтін. 

Зәуре
04 Шілде, 18

Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі:

Кенжем Сабырға «сен менің баламсың» деп түсіндіріп, құлағына құйып отыратын. Осы ұлды Зекең өзінің тегіне жаздырып қойды, жұмыстары шығып қалса, жұмсап, туған баласындай көрді. Зекең қайтқанда ол өгей әке деп қарамай, қайғырды. Бұл Зекеңнің жақсы әке бола алуынан ғой деп ойлаймын. Ал үлкен ұлды «сенің әкеңнің атына жазайық, оның ұлы болмаған екен» деп отыратын марқұм. Тағы бір ұлды «өз әкесі де бір елдің азаматы ғой, соның тегінде қалсын» деп бәрін қарап, реттеуге ниеті болған еді».  Алайда апай осы бір өкінішін де жасырмады: ұлдардың тегін ауыстыру үшін жүргелі отырған жазушыны әлдебір шаруалармен тоқтатып, жолына бөгесін болыпты. Енді қарап отырса бәрі кеш, тек кіші ұлы Шашкин болып өзгерген де, қалғандары жоғарыды айтылғандай болмай шығады. Апай: «Бұл менің кінәм еді» деді.  «Ал өзіміздің ортақ қызымыз Гүлжан әкесінен бір жарым жасында қалды. Нағыз Шашкина осы.  

Зәуре
04 Шілде, 18

Зейін Шашкиннің жары Мариям Шашкинаның естелігі:

Зейінді мен Зекең деймін. Онымен отасқаныма көп болған жоқ.  Бұрынғы күйеуім соғыстан оралған соң, ауыр жарақатынан қайтыс болды да, мен төрт баламен қалдым ғой. Осындай мазасыз шақтарда өмірімде Зекең пайда болды. Менің бір дос құрбым Зекеңнің жиен қарындасы болып шықты. Сол әйел Зейінді үйге алып келді, ол есіктен кіре сала мені көріп қарындасына: – Мәке, енді мені ешкімге таныстырмай-ақ қойыңыз, – деді. Бұған дейін біраз қыздармен таныстырған болуы керек, ешқайсысы ұнатпапты. Тек мені көргенде таңдаған кісіне жолыққан болып шығады. 

Бізді осылай тағдыр қосты. Бұрын тек төрт баланың қамымен үйде отырып қалған басым жаңа өмірге қайта ендім. Жағдайым түзеле бастады, әдеби кештерге, ғылыми ортаға келдім, небір айтулы адамдармен араластық. Зекең орта бойлы, арықша келген адам болатын. Мінезі де керемет еді ғой жарықтықтың. Ешкімге дауыс көтеріп көрмеген адам, әсіресе ол кішкентай балаларды қатты жақсы көрді. Тіпті балалардың өз орны бар деп үлкен кісілерше ақылдасып, сөйлесетін. Менің басқа күйеуден көрген балаларымды өзінің қанынан жаралмаса да, өте жақсы қарады. 


 

Арай
04 Шілде, 18

Зейін Шашкин өмірінен қызықты деректер

  • Зейін Шашкин өз шығармаларында дәрігерлер өмірін шеберлікпен сипаттайды. Ол көп туындыларында дәрігерлік өміріне жиі тоқталады. Себебі ол өмірінің едәуір мерзімін медициналық практикаға жұмсаған. Жазушы 1946-1951 жылдары Бурабай қаласындағы Бармашы санаториясында дәрігер-отоларинголог болып жұмыс істеген. Ол өз мамандығын жетік білетін, көп ізденгіш, көпке сүйкімді, шипалы дәрігер болған екен.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?

1
Сара
7 жыл бұрын пайда болды

Ақмарал Дайрабаеваның өмірбаяны бар ма?