0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Май, 16 от Нұрсаят в категории Қазақ әдебиеті

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Әділдік туралы мақал-мәтелдер

  • Әділ айтқан жеңер.
  • Әділ би – алтын таразы.
  • Әділ кісі өзіне қатты,

Өзгеге тәтті.

  • Әділ істің арты – игі.
  • Әділдік – ана сүті.
  • Әділдік арымайды,

Жалқау жарымайды.

  • Әділдікке жығылмайтын адам жоқ.
  • Әділдікпен кескен бармақ ауырмайды.
  • Әділет алдында тай да бас иеді,

Тау да бас иеді.

  • Әділетте берік болсаң, аяғың таймайды.
  • Әділетті шын сөйлейді,

Әділетсіз мың сөйлейді.

  • Әділет қылышы кескен қол ауырмас.
ответил 26 Май, 16 от Индира