Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айша бибі жайлы қандай аңыздар бар?

Талқылау
Пікір
Рүстем
26 Мамыр, 16

Айша-бибі туралы аңыз

Бұрынғы уақытта Қарахан деген батыр өмір сүріпті. Күндердің күнінде ол өзінің қас дұшпанының қызы Айша-бибіге ғашық болып қалады. Қыз әкесінің батасын алудан үміттенбеген батыр бір күні ауылға басып кіріп, қызды алып қашады. Қыздың әкесі артынан қуғыншылар жіберіп, екеуін де өлтіруге бұйырады.

Ғашықтар артындағы қуғыннан ұзық уақыт бойы қашады. Ас үстінде бірнеше күн өткізгеннен кейін шаршаған олар жолда аялдайды. Осы уақытта Айша-бибі шаршағанын басу үшін Асу өзеніне түсуге ұйғарады. Осы уақытта қуғыншылар да келіп жеткен еді. Қыздың суға түсуге кеткенін білген олар Айша-бибінің сәукелесіне жылан салып қояды. Суға шомылып, сергіген Айша-бибі жағаға шығып, киіне бастайды. Басына сәйкелесін киген сәтте, жыланшағып алады. Айша-бибі есінен танып қалады. Қыздың өлермен халде жатқанын көрген Қарахан Айша-бибіні көтеріп алып, некелерін қидыру үшін жақын маңдағы ауылға молда іздеп барады. Олардың отбасылық бақыты бірнеше минутқа ғана созылып, қыз батыр қолында о дүниеге аттанады. Сол сәтте Қараған Айша-бибіні өмір бойы сүйіп өтуге уәде береді.

Біраз уақыттардан кейін Айша-бибі дүние салған жерде мазар тұрғызылады. Өлгеннен кейін сүйіктісінің жанында болу үшін, мазардың жанына Қарахан өзіне де арнап мазар салдырады. Өмірінің соңғы күніне дейін ақ киім киген Қарахан Айша-бибі мазарының маңында өмір сүріп, Құдайға сыйынып, кешіріп тілеп өмір сүреді. 

Құдайға беріліп, таза өмір кешкені үшін жұрт оны әулие санаған. Сондықтан да ол жерді Әулиеата атап кеткен.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы