Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Еңлік Кебекпен қалай кездесті?

"Еңлік-Кебек" дастанында Еңлік пен Кебек қалай кездесті?
Талқылау
Пікір
Дамира
03 Шілде, 18

15 жасында-ақ көпшілік ішінде батырлығымен, кішіпейілдігімен танымал болған Кебек аузы дуалы Нысан абызды әдейі іздеп барып, бал ашуын сұрайды. Қобызын сарнатып, қалшылдап-дірілдеп Кебектің болашағын болжаған Нысан абыз жігітке:" Ажалың биік қабақ сұрлау қыздан,
Батырым, ондай жанға көңіл берме", - деп ескертеді. Абыздың сөзін көңіліне алса да, жын сөзіне сенбеген батыр өз жолымен жүре береді. Арада біраз уақыт өткен соң Кебек аң аулап жүріп адасып кетеді. Кешқұрым жолында кезіккен үйге кіреді. Ол Матай ауылына келген екен. Кірген үйінде кемпір-шал мен қойшы бала отырады. Және кемпір-шалдың бой жетіп отырған Еңлік есімді қызы бар еді. Ас ішіп, жөн сұрасқаннан кейін Кебек өзін таныстырады. Оның есімін естіген қыз Кебекке ұзақ қарап қалады. Ұйықтар уақыт болғанда Еңлік Кебекке өз төсегін салып береді. Кебек оны қыздың жеңілтектігіне балайды. Көз байланып, барлығы ұйқыға батқанда Еңлік Кебекті оятып, өз сырын айтады. Өзінің бір байдың баласымен атастырылғанын, оны өзіне тең көрмейтінін, атасқан жігітінің ездігі мен ынжықтығын айтады. Сырын ақтарған қыз Кебектен өзіне тең көрер болса алып қашуын өтінеді. Кебек те қызды сынап, оның ой-пиғылы таза екеніне көзі жетіп, алмаққа уағдаласады. 

Махаббат категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Альфонс деген кім?

1
172517
4 жылы бұрын пайда болды

Кызды калай коздыруга болады

1
Жазира Усманова
5 жыл бұрын пайда болды

Менің жолдасым менің көзіме шөп салып жүр. Мен не істесем болады?

1
Айсамал
6 жыл бұрын пайда болды

Айсамал есімі қандай мағына береді