Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ақша туралы қандай ырымдар білесіздер?

Талқылау
Пікір
Ержан
26 Мамыр, 16

Ақша турады ырымдар:

Ақшаны ас үстеліне қоюға болмайды. Ақша желініп, шығынға ұшырайсыз. Оған қоса үстелге кілт пен бас киімді қоюға болмайды.

Үстел үстіндегі қалдықтарды тек шүберекпен сүртіп алу керек. Қолмен сүртуге болмайды.

Үстелге отыруға болмайды. Ол кедейлікке ұшыратады.

Үйде бос ыдыс ұстамаңыз. Егер бос ыдыс керек болса, ішіне тиын не бірнеше дән салып қойыңыз.

Үйде ақша көп болу үшін, үйдің бұрыштарына тиын тастаңыз. Ал кіреберіске күміс тиын тастағаныңыз дұрыс.

Үстел үстінде ешқашан бос бөтелке немесе тәрелке тұрмауы тиіс. Оларды бірден жинастырыңыз.

Ас үстеліндегі дастархан астында үнемі аздаған болсын ақша жатуы керек. Ол үйді ұрлықтан қорғап, байлық шақырады.

Өз шашыңызды өзіңіз қимаңыз. Ол шығынға ұшыратады. 

Үйде ысқырмаңыз. Ол үйдегі ақшаны алып кетеді.

Үйге ақша алып келсеңіз, түнде оны айна алдына қойыңыз. Ақшаңыз арта түседі.

Еш уақытта ақшаны кір жерге, өзіңіз не өзге адам отыратын орынға қоймаңыз.

Қаражидекті қаншалықты көп жесең, ақшаң да соншалықты көп болады.

Қонақтар кеткен кезде дастарханды далаға шығарып, сілкіп жіберіңіз. 

Күн батқаннан кейін ақша санамаңыз. Ақшаны таңертең есептеген дұрыс. 

Ешқашан әмияныңызды бос қалдырмаңыз.

Дүкенде қайтарлыған ақшаны қалдырмаңыз. 

Тиындарыңызды шашып алсаңыз, ерінбестен соңғы тиынына дейін жинап алыңыз.

Ақшаны көрінген жерге қалдырмаңыз.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?

1
Айбек
1 жыл бұрын пайда болды

Көп түйені қалай айтады?