0 интересует 0 не интересует
спросил 26 Май, 16 от Анар в категории Тағам рецептері

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Алма қосылған Шарлотка бәлішінің рецепті

Қажетті заттар:

  • алма - 4-5 дана
  • жұмыртқа - 4 дана
  • ұн - 170 г
  • қант - 150 г
  • ванильді қант немесе экстракт - 1 шай қасық
  • сүт - 4 ас қасық
  • өсімдік майы - 3 ас қасық
  • қопсытқыш - 1 шай қасық
  • қант ұнтағы

Дайындалуы:

  • Алманы жуып, қабығынан тазалап, 4 бөлікке бөліп, өзегін алып, бірнеше бөлікке бөлеміз.
  • Жұмыртқа мен қатты араластырып, аздап шайқаймыз.
  • Оған ақырындап ұн қосып, қамырды мұқият араластырамыз.
  • Қамырымызға ванильді қант, сүт, өсімдік майын қосып, араластырамыз. Қаймақ тәрізді қамыр пайда болуы қажет.
  • Пісіруге арналған қалыпты майлаймыз. Қалыпқа қамырымызды салып, үсітне алма бөлшектерін қойып шығамыз.
  • Алдын-ала 180 градусқа дейін қыздырылған пешке қойып, 30-40 минут көлемінде пісіреміз.
  • Дайын болған бәліштің бетіне қант ұнтағын себеміз.
Астарыңыз дәмді болсын!
ответил 26 Май, 16 от Мадина