Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Арқаға арналған қандай жаттығулар бар?

Талқылау
Пікір
Бағлан
26 Мамыр, 16

Арқаға арналған жаттығулар

image

Алға бүгілу

Тік отырып, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Тізеңізді түйістіріңіз. Тізегіңізге қарай бүгіліңіз. Арқаңыз дөңгеленіп тұрмауы тиіс. Жаттығуды орындау қиынға соқса, тізеңізді ұстап тұруыңызға болады. Осы қалыпта біраз уақыт тұрып, артынша бұрынғы қалпыңызға келіңіз. Жаттығуды 1-2 рет қайталаңыз. 

image

Бір қырына бүгілу

Орындықтың бір шетіне отырып, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Тізеңіз иығыңызбен бірдей қашықтықта болу керек. Қолдарыңызды басыңыздың артына қойыңыз. Денеңізді солға бүгіп, қайтадан өз қалпыңызға келіңіз. Мұнан кейін деенңізді оңға бүгіңіз. Жаттығуды бірнеше рет жасаңыз.

image

Мысық-сиыр қылыбы

Орындықтың бір шетіне отырып, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Тізеңіз иығыңызбен бірдей қашықтықта болу керек. Қолыңызды тізеңізге қойыңыз. Арқаңыздың орта тұсын алға қарай тартыңыз. Өз қалпыңызға келіп, мұнан соң арқаңызды бүкірейтіңіз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

image

Екі жаққа қисаю

Орындықтың бір шетіне отырып, арқаңызды тік ұстаңыз. Қолыңызды тізеңізе қойыңыз. Арқаңыздың орта тұсын оңға қарай қисайтыңыз, одан кейін солға қарай қисайтыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз

Сұлтан
26 Мамыр, 16

Арқаға арналған жаттығулар

image

Иықты көтеру

Бұл арқаның жоғары бөлігіне арналған жаттығу. Тік отырып, екі аяғыңызды да жерге қойыңыз. Ал қолдарыңыз екі жағыңызда бос салбырап тұрсын. Иығыңызды құлағыңызға қарай көтеріңіз. Бірақ мойныңызды тік ұстап, қисайтпаңыз. Сонан соң иығыңызды бірден жылдам түсіріңіз. Жаттығуды жылдам қарқынмен бірнеше рет қайталаңыз. 
 

image

Жауырынды түйістіру

Тік отырыңыз да, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Қолыңызды төменге қарай созыңыз. Мойныңызды тік ұстап, жауырыныңызды түйістіріңіз. Осы қалыпта біраз тұрып, артынша иығыңызды өз қалпына келтіріңіз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 

image

Иықты айналдыру

Тік отырыпа, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Тізеңізді иығыңызбен бірдей қашықтықта қойыңыз. Қолыңызды екі иығыңызға қойып, иығыңызды алға қарай айналдырыңыз. Бірнеше рет қайталап, артынша артқа қарай айналдырыңыз.

image

Арқаны оңға-солға бұру

Орындықтың бір шетіне отырып, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Тізеңіз иығыңызбен бірдей қашықтықта болу керек. Қолыңызды басыңыздың артына қойып, денңізді оңға-солға бұрыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 

image

Артқа қарай шалқаю

Орындықтың бір шетіне отырып, екі аяғыңызды жерге қойыңыз. Арқаңыз тік, тізеңіз иығыңызбен бірдей қашықтықта болуы тиіс. Қолыңызды тізеңізге қойыңыз.Артқа қарай шалқайып, төбеге қараңыз. Барынша төмен шалқаюға тырысыңыз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз.

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?