Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Дәмді әрі ерекше торт рецепті бар ма?

Талқылау
Пікір
Райхан
27 Мамыр, 16

Дәмді әрі ерекше торт

"Наполеон" тортының рецепті

Қажетті заттар:

Қамырына:

  • ұн - 700 г
  • жұмыртқа - 1 дана
  • тұз - бір шымшым
  • сары май - 250 г

Креміне:

  • сүт 3,6% - 1 л
  • жұмыртқа - 6 дана
  • қант - 450 г
  • ұн - 4 ас қасық
  • ванилин - 1 қаптама
  • сары май - 250 г

Дайындалуы:

  • Үлкен ыдысқа ұнды елеуіштен өткізіп салып, туралған сары майды саламыз. Жақсылап бөлшектейміз.
  • Стақанға жұмыртқаны салып, үстіне тұз салып, шанышқымен араластырамыз. 250 мл су құямыз.
  • Жұмыртқа қоспасын ұн мен май қоспасына құйып, қамыр илейміз. Қамыр тым тығыз болмауы керек. Бірақ қолға жабыспағаны шарт.
  • Қамырды пакетке салып, жарты сағатқа тоңызытқышқа салып қоямыз.
  • Кремін әзірлеу үшін кәстрөлге сүт құйып, қыздырамыз. 
  • Ыдысқа жұмыртқаны салып, қант, ванилин қосып, бұлғауышпен жақсылап араластырамыз. Ұн қосып, тағы да араластырамыз.
  • 100 мл ыстық сүтті жұмыртқа қоспасына құйып, араластырамыз. Мұнан кейін жұмыртқа қоспасын ыстық сүтке құямыз.
  • Кремді қоюланғанша араластырып тұрып қайнатамыз. Дайын болған кремді оттан алып, суытып қоямыз. Ос уақытта тоңазытқыштан крмеге арналған сары майды шығарып қоюды естен шығармаңыз.
  • Енді тоңазытқаштан қамырды шығарып, бірдей 7-8 бөлікке бөлеміз. Осы уақытта пешті 180°C-қа қыздырып қоямыз. Қаымр бөліктерін жұқалап жайып, әрқайсысын қызып тұрған пеште 6-7 минут көлемінде пісіреміз. 
  • Торт нанының барлығын пісіріп болған соң суытып қоямыз. 
  • Нан суығанша кремнің дайындалуын аяқтаймыз. Жұмсарған сары майды ағаш қасықпен ағарғанша араластырамыз. Оған әбден суыған кремімізді 2 қасықтан қосып, тағы да араластырамыз. 
  • Дайын болған кремді торт нанының әрқайсысына жағып, тортымызды жинастырамыз.
  • Ең соңғы нанды ұнтақтап, торттың бетіне, жан-жағына себеміз.
  • Дайын болған тортты  бір түнге тоңазытқышқа салып қоямыз.

Асыңыз дәмді болсын!

Гүлсім
27 Мамыр, 16

Дәмді әрі ерекше торт

БАЛДЫ ТОРТ РЕЦЕПТІ

Қажетті заттар:

Қамыры үшін:

  • ұн - 300-500 г
  • қант - 200 г
  • сары май - 100 г
  • бал - 2 ас қасық
  • жұмыртқа - 2 дана
  • ас содасы - 1 шай қасық

Кремі үшін:

  • сары май - 300 г
  • қойылтылған сүт (қайнатылған) - 1 құты
  • грек жаңғағы - 100 г
  • бадам немесе шоколад

Дайындалуы:

  • Отқа төзімді ыдысқа сары май, қант, балды салып, су буында қыздырамыз. Қоспа біртекті күйге келіп, қанты ерігенше 4-5 минут көлемінде араластырып тұрып қықдыру қажет.
  • Ас содасын қосып, араластырып тұрып 1 минут көлемінде қыздырамыз. 
  • Су буынан алып, жұмыртқа қосып, бірден араластырамыз. 
  • Ұн қосамыз да, әбден араласытырамыз. Қамырды 20-30 минутқа тоңазытқашқа салып қоямыз.
  • Дайын болған қамырды ұн себілген үстелге қойып, илейміз. Ұзынша етіп аламыз да, бірдей 8-9 бөлікке бөлеміз. Әр бөлікті дөңгелектеп, ұн себілген тақтаға не тәрелкеге қоямыз. °C температурада қызып тұрған пешке салып, 4-5 минут көлемінде пісіреміз. Осылайша барлық қамыр бөлігін пісіріп аламыз.
  • Пісіруге арналған қалыпты төңкеріп, бетіне ұн сеуіп, қамыр бөлшегін жұқалап жаямыз. Жайылған қамырды қалыптан алмастан, сол күйінде 200 
  • Торттың наны дайын болған соң, кремін жасауға көшеміз. Бөлме температурасындағы сары майды ыдысқа салып, миксермен шайқаймыз. Шайқап тұрып қойылтылған сүтті қосамыз. Кремді әбден араласып, біртекті болғанша шайқаймыз.
  • Нанның қиындыларын, грек жаңғағын блендерде жеке-жеке ұсақтаймыз. Ұсақталған жаңғақтың жартысын ұсақталған нанмен араластырамыз. 
  • Ыдысқа торттың нанын қойып, бетіне крем жағамыз. Үстіне жаңғақ себеміз. Осылайша торт нандары біткенше жалғастырамыз. 
  • Торттың бетіне, шетіне крем жағып, жаңғақ-нан ұнтақтарын себеміз. 
  • Дайын болған тортты шоколадпен не бадаммен әрлейміз. 

Асыңыз дәмді болсын!

Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?