0 интересует 0 не интересует
спросил 27 Май, 16 от Демесін в категории Қазақ әдебиеті

2 Ответы

0 интересует 0 не интересует

Фариза Оңғарсынова

Жұрт мені...

Жұрт мені қатал дейді,

Найзағайдай мінезі шатырлаған,

біреулері айтады ақыл маған:

өркөкірек, тәкаппар, менменсінген...

ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам

(одан сайын мен шіркін қатуланам).

Біреулер қиялдайды:

мұндай адам ешкімді де сүйе алмайды;

өтірік өлең жазады талықсыған,

қайдан ғана бал сезім таныс бұған?

(Түсініксіз қалпыммен байқұстарды

ойларымен өздерін алыстырам).

Біреудің жаны ашиды:

"Ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:

ол ақындар сезеді барлығын да,

ақылды да болады, данасиды."

Жастар жара түспеген жанына әлі

түсінгендей жанымды табынады;

менің асқақ әм мұңды жырларымды

іздеуі хақ солардың, сағынары...

Мен кешпеген дүние жоқ екенін

сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі.

Мен солай көрінемін,

Жер секілді құбылтқан өмір өңін.

Міз бақпайтын  адамдай жүре берем

күйіп-жанып жатса да төңірегім.

Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)

менің барлық бал қылық, нәзіктігім

сенің ғана алдыңда төгілерін!
 

ответил 27 Май, 16 от Сандуғаш
0 интересует 0 не интересует

Фариза Оңғарсынова

Қыз сөзі

Көміліп көк теңіздей мұңға жаным,

бойымда кейде менің тулар ағын:

сыйлымын, сонда дағы өкінішті-ақ

өзімнің жігіт болып тумағаным.

Қашан да намыссыздың кек пе теңі,

пысықай бала да оны шеттетеді.

Жер шұқып інім кейде отырғанда,

Өзімнің жігіт болғым кеп кетеді.

Жасықтық қояды ердің бағын байлап,

біразын шынықтырса-ау жалынға айдап...

Аузынан сөзі түскен жігіт үшін

отырам намыс қысып, қаным қайнап.

Ел десе өз басының жыры қалып

жүретін жігіт қайда нұры жарық.

Басыма өзім кигім кеп тұрады

қалпағын кейбіреудің жұлып алып.

Көпір боп жалғасқанмен келешекке

жіңішке қыздың жолы не десек те.

Тумаппын жаман ер боп, тым құрыса

жүретін жайдақ мініп көк есекке.

Кей ерде өз-өзінен үміт солып,

бүрсиген шуақта да бұғып, тоңып.

Қыз болып туғаным да артық екен

жүргенше намысы жоқ жігіт болып!

ответил 27 Май, 16 от Айсара