Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

«Тасбақа» тортын қалай пісіреді?

Талқылау
Пікір
Ақлима
27 Мамыр, 16

"Тасбақа" тортының рецепті 

Қажетті заттар:

Қамыры үшін

  • жұмыртқа - 6 дана
  • қант - 1,5 стақан
  • ұн - 1,5 стақан
  • какао - 1-2 ас қасық
  • қопсытқыш - 1 шай қасық

Кремі үшін

  • сары май - 200 г
  • қант - 1 стақан
  • қаймақ (20%) - 2 стақан 
Безендіру үшін
  • шоколад - 50-70 г
  • грек жаңғағы
  • драже
Дайындалуы:
  • Тез дайындалатын үй бисквитін әзірлейміз. Пісіруге арналған қалыпқа пергаментті қағаз төсеп, қамырымызды бір ас қасықтан жеке-жеке дөңгелекше етіп саламыз. Пешке қойып, 180-200 градус температурада 7-10 минут пісіреміз.
  • Осылайша қамыр таусылғанша кішкентай дөңгелекшелер пісіреміз. 
  • Тасбақаның басы, құйрығы, аяғы үшін 6 дөңгелекшені алып қоямыз. Және де тасбақаның сауытын жасау үшін бірнеше дөңгелекше алып қою қажет.
  • Кремін дайындау: Жұмсарған сары майды миксермен жақсылап шайқаймыз. Шайқау барысында ақырындап қант қосып, әбден шайқаймыз. Мұнан соң қоспаны шайқап тұрып, қаймақ қосамыз. Қоспа жеңіл әрі көлемді болғанша шайқаймыз.
  • Дөңгелекшенің әрқайсысын кремге салып алып, үлкенірек тәрелкеге тау іспетті етіп орналастырамыз.
  • Үстіндегі дөңгелекшелерге крем жақпаймыз. 
  • Алып қалған дөңгелекшелерден тасбақаның басын, аяғын, құйрығын жасаймыз.
  • Шоколадты су бында ерітіп алып, сәл суығанын күтеміз. Еріген шоколадты кондитерлік қапшыққа салып, тасбақаның үстіне ою-өрнек салып, безендіреміз. Дражеден тасбақаның көзін жасаймыз.
  • Торттың бетін грек жаңғағымен безендіреміз. 
Астарыңыз дәмді болсын!
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?