0 интересует 0 не интересует
спросил 27 Май, 16 от Мөлдір в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Сау адамның тілінің түсі қандай болу керек?

Сау адамның тілі ашық қызыл түсті болуы тиіс. Жыл маусымдарына байланысты сау тілде ақшылдау қабыршақ пайда болуы мүмкін. Ол жаз мезгілінде қалыңдау болады. Дегенмен одан тілдің шырышты қабығының бүртіктері көрініп тұруы тиіс. Қыс мезгілінде қабыршақ түсі сары болса, күзде қабыршақ түсі ақшылданып, құрғай түсуі мүмкін. Оған қоса тілдегі жұқа қабыршақ ауыз қуысында дамыған аздаған ауытқудың белгісі болуы ықтимал. Мысалы, қызыл иек гингивиті, ауыз қуысы кандидозы, тісжегі. тіл Тіл арқашығын аңдау қиынға түсетіндей қабыршақтың қалыңдауы кейбір аурулардың белгісі болуы мүмкін. Олардың қатарында созылмалы аурулар да бар. 

ответил 27 Май, 16 от Еркін